Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті Стратегиялық жоспарлау және талдау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), 10-3-3
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: география
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
- Бухгалтерлік есеп және аудит
Функционалды міндеттер
Басқарманың негізгі міндеттерін, сондай-ақ басқарма мен Департамет басшылығының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуге; негізгі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды талдау негізінде білім беру жүйесін дамытуды қалыптастыруға және өз құзыреті шегінде білім беру жүйесінің проблемалық мәселелерін шешу үшін тәуекелдерді басқару және оларды азайту бойынша ұсынымдар әзірлеуге; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың Интернет-порталында тиісті ақпаратты орналастыру; мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және өзге де жоспарлау құжаттарын, оның ішінде саланы дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және үйлестіру, соның ішінде саланы дамыту Тұжырымдамасын (ҚР ҮҚ жобасын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен, мүдделі ОМО, ЖАО, үкіметтік емес ұйымдармен, Үкімет аппаратымен, ҚР ПӘ, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрлігінің Қоғамдық кеңесімен келісу және пысықтау); саланы дамыту Тұжырымдамасының көрсеткіштерін есептеу әдістемесін әзірлеу; ҚР мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына мониторинг және талдау жүргізу және нәтижелері бойынша олардың орындалуы туралы есепті уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну;Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыруға; мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысуға; Департамент құзыретіне жататын, оның ішінде мемлекеттік құпияларға қатысты құжаттарды орындау бойынша департамент басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыруға; МЖЖ құжаттарын талдау негізінде білім беру саласындағы проблемалық мәселелерді шешу жөнінде, оның ішінде саланы дамыту Тұжырымдамасына ұсыныстармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне есептілікті дайындау және жіберуге; ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасының, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарлардың мониторингін іске асыруды қамтамасыз ету; ҚР Премьер-Министрінің, ҚР Премьер-Министрінің орынбасарларының және Министрлік басшылығының өңірлерге сапарларына материалдар дайындау саясатын қалыптастыру және үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadrmprk@mail.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіре беріс 11
-
8 (7172) 74-21-29