Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), 11-3-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау және түзету кезінде министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыруды жүзеге асыру және оны заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, техникалық және кәсіптік білім беру, «НЗМ» ДБҰ-да мемлекеттік білім беру тапсырысын, «НЗМ» ДБҰ-ға нысаналы салымды іске асыру, жетекшілік ететін деңгейі бойынша білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету, еңбекақы мәселелерін қоспағанда, алдағы үш жылдық кезеңге жетекшілік ететін деңгей бойынша республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік процеске қатысушы Министрлік бөлімшелерінің бюджеттік жоспарлау ақпараттық жүйесінде жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру, министрліктің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге және мүдделі мемлекеттік органдарда келісуге және оларды жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша одан әрі бекітуге қатысу, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде нысаналы трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуге және келісуге қатысу, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінде жұмысты ұйымдастыруды және министрліктің бюджеттік өтінімін пысықтауға қатысуды жүзеге асыру, заңнамаға сәйкес келген жағдайда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының ұсыныстарын республикалық бюджетті іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің жобасына енгізуді және жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету, шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын әзірлеу және қарау және оларды жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге енгізу, Министрліктің әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жөніндегі ұсыныстарын қалыптастыру және жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша ведомстволық бюджеттік комиссияның отырысына шығарылатын материалдарды дайындауға қатысу, Қазақстан Республикасының Парламентінде Министрліктің бюджетін қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру, Еңбекке ақы төлеу мәселелерін қоспағанда, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және дайындауға, департаменттің құзыретіне жатқызылған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға және келісуге қатысу, бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша талдамалық және презентациялық материалдарды, баяндамаларды, анықтамалық ақпаратты, слайдтар мен анықтамаларды дайындауға қатысу, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын жыл сайын әзірлеуді жүзеге асыру, кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекітуді жүзеге асыру, кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеу және бекітуді жүзеге асыру, басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.09.2025 – 10.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10Мбт

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіре беріс 11

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29