Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, C-3 санаты (1 бірлік), 11-3-1
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
422 437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау және түзету кезінде Министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыруды жүзеге асыру және оны ведомстволық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, сондай-ақ еңбекақы төлеу және инвестициялық жобалар мәселелерін қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Комиссия мақұлдаған Бюджеттік өтінімді ұсыну, алдағы үш жылдық кезеңге арналған Министрлік бойынша республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асыру, министрліктің барлық бөлімшелерінің – бюджеттік процеске қатысушылардың бюджеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру, министрліктің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлеуді және мүдделі мемлекеттік органдарда келісуді қамтамасыз ету және оларды одан әрі бекітуді жүзеге асыру, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде нысаналы трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламаларды келісуді қамтамасыз етуді ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу мәселелерін қоспағанда, жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру және Министрліктің Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріндегі бюджеттік өтінімін пысықтауға қатысу, «Атамекен» ҰКП және монополияға қарсы органда Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджетті іске асыру туралы шешімінің жобасына Министрліктің ұсыныстарын дайындауды және келісуді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету, Министрліктің әлеуметтанулық және талдамалық зерттеулер жөніндегі ұсыныстарын қалыптастыру және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету, ведомстволық бюджет комиссиясының отырысына шығарылатын материалдарды дайындауға қатысу, ведомстволық бюджет комиссиясының отырыстарын уақтылы өткізуді, оның шешімдерін жасауды және оларға қол қоюды қамтамасыз ету, сондай-ақ материалдардың сақталуын қамтамасыз ету, бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша талдамалық және презентациялық материалдарды, баяндамаларды, анықтамалық ақпаратты, слайдтар мен анықтамаларды дайындауға қатысу, үкіметтік емес ұйымдармен өзара ісқимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруды жүзеге асыру, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін әзірлеуді жүзеге асыру, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған Орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды әзірлеу және бекітуді жүзеге асыру, білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын жыл сайын әзірлеуді жүзеге асыру, кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекітуді жүзеге асыру, кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондайақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеу және бекітуді жүзеге асыру, жеке білім беру ұйымдарында орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқу үшін ата-аналық төлемақының шекті мөлшерін әзірлеу және бекітуді жүзеге асыру, жан басына шаққандағы қаржыландыру операторының жұмысын ұйымдастыру, бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысу, басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadrmprk@mail.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіре беріс 11
-
8 (7172) 74-21-29