Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті білім саласын бақылау және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), 22-5-8
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (білім беру саласы)
- Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Психология
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шеңберінде рұқсаттар мен хабарламаларға қатысты аналитикалық және ақпараттық материалдарды, есептерді дайындау, лицензиялау және хабарлау рәсімдері саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелермен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс қимыл жасау, аумақтық бөлімшелердің әкімшілік істерді қозғау және құқық бұзушыларды жауапқа тарту кезінде әкімшілік іс жүргізу заңнамасының сақтауына, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауына, олардың қаралуы немесе соттарға жіберілуіне, лицензиялау және хабарлау рәсімдері саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілу бойынша қызметін үйлестіруге және ішкі бақылау жүргізу, білім беруді бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар қалыптастыруға және Басқарманың құзыретіне жататын лицензиялау және хабарлау рәсімдері саласындағы стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындау, Комитеттің аумақтық бөлімшелері іске асыратын білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының қызметін тексеру жөніндегі бақылау іс-шараларына қатысу, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметіне ішкі бақылау жүргізуге қатысу, діни білім беруге білім беру қызметімен айналысуға рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде лицензиялауды жүзеге асыру, білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру, білім беру ұйымын қайта ұйымдастыруға байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария түрде қарау үшін консультативтік-кеңесші орган құру, білім беру қызметімен айналысуға лицензиялауды электрондық түрде жүзеге асыру жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы үйлестіру, білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру, лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу, мамандықтар топтары бойынша әскери, арнаулы оқу орындары үшін біліктіліктер бойынша бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруге білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне діни білім беру ұйымдарының рұқсат беру бақылауын жүзеге асыру, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдау, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан келетін ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру, Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын әзірлеу, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру, басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadrmprk@mail.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіре беріс 11
-
8 (7172) 74-21-29