Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті білім саласын бақылау және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік), 22-5-5
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Психология
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Жаратылыстану ғылымдары: химия
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
Функционалды міндеттер
Балалар мен ересектерге қосымша білім беру, республикалық білім беру ұйымдарына (орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына, оның ішінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша, басқарманың және аумақтық бөлімшелердің құзыретіне жататын білім берудің барлық деңгейлерін жоспардан тыс тексеру бойынша талдамалық және ақпараттық материалдарды, есептерді дайындау, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелермен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, аумақтық бөлімшелердің әкімшілік істерді қозғау және құқық бұзушыларды жауапқа тарту кезінде әкімшілік іс жүргізу заңнамасының сақтауына, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауына, олардың қаралуы немесе соттарға жіберілуіне, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілу бойынша қызметін үйлестіруге және ішкі бақылау жүргізу, қосымша білім беру саласындағы балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарында, оның ішінде жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, аумақтық бөлімшелер жүргізетін бақылау іс-шараларына қатысу, аумақтық бөлімшелер өткізетін балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының қызметін тексеру жөніндегі бақылау іс-шараларына қатысу, басқарманың құзыреті шегінде балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, білім беруді бақылау саласындағы стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар қалыптастыруға және Басқарманың құзыретіне жататын балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру саласындағы стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпарат дайындау, республикалық білім беру ұйымдарын (орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу, республикалық білім беру ұйымдарының, діни білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензия бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу, республикалық білім беру ұйымдарының, діни білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуына жоспардан тыс тексеру жүргізу, бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану, оларды қозғау және сот органдарына жіберуге, сот процестеріне қатысу, нұсқамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Білім саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы орындауға міндетті жазбаша нұсқама беру, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарына жоспардан тыс тексерулер жүргізу бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіруге және ішкі бақылау жүргізу, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарына бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіруге және ішкі бақылау жүргізу, Қазақстан Республикасының балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы орындауға міндетті жазбаша нұсқамалар беру жөніндегі аумақтық бөлімшелердің қызметін ұйғарымда белгіленген мерзімдерде үйлестіруге және ішкі бақылау жүргізу, басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
kadrmprk@mail.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіре беріс 11
-
8 (7172) 74-21-29