Мектепке дейінгі және орта білім комитеті Мектепке дейінгі, орта, арнайы және инклюзивтік білім беру мазмұны және әдіснамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
Функционалды міндеттер
|
- орта білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту; - жетекшілік ететін мәселелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту және енгізу; - қазақ алфавитін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру жұмыстарын үйлестіру; - экстернаттық оқыту мәселелерін үйлестіру; - «Ел үміті» бағдарламасының шеңберінде дарындылықты анықтау және дамыту; - мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру; - жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстар) қатысушылардың құрамын қалыптастыру; - жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар және ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстар) тізбесін қалыптастыру және бекіту; - республикалық білім беру ұйымдарының оқушыларын қорытынды аттестаттау үшін қазақ тілі мен әдебиетінен емтихандық материалдарды дайындау; -жетекшілік ететін мәселелері бойынша тамыз педагогикалық кеңестерінің, конференциялардың, алқа отырысының, семинарлардың, кеңестердің және басқа да іс-шаралардың материалдарын дайындау; -жетекшілік ететін мәселелері бойынша халықаралық, республикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; - «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жұмысын үйлестіру; - облыс мәселелеріне жетекшілік ету; - жетекшілік ететін мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау; - өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының, Министрліктің жұмыс жоспарының, Стратегиялық жоспарының, операциялық жоспарының, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің іске асырылуын қамтамасыз ету; - басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және техникалық ерекшеліктерді әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. |
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8,
-
871-72-74-20-71