Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті Бухгалтерлік есеп және шоғырландырылған есептілік басқармасының бас сарапшысы, (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 25 сәуiрге дейін), С-4санаты, 1 бірлік(№12-5-4)
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Бухгалтерлік есеп және аудит
- Бухгалтерлік есеп
Функционалды міндеттер
орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілерін 1-С базасына енгізу (тарату), оның ішінде ҚР Мемлекеттік сатып алу порталында жұмыс істеу, 1-С базасында дебиторлармен және кредиторлармен өзара есеп айырысуларды есепке алуды жүргізу, тауарлар мен қызметтерді жеткізушілермен салыстыру (өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі), дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуларды түгендеуді жүргізу, бухгалтерлік есептің жетекшілік ететін бағыттары бойынша мемориалдық ордерлерді ресімдеу, Министрліктің орталық аппараты бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша есептілікті белгіленген мекенжайлар мен мерзімдерде жасау және ұсыну, дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша жиынтық есептілікті белгіленген мекенжайлар мен мерзімдерде жасауға және ұсынуға қатысуға, Министрліктің орталық аппараты бойынша жартыжылдық және жылдық бюджеттік, қаржылық есептілікті және өзге де есептілікті жасауға қатысуға, шоғырландырылған бюджеттік, қаржылық есептілікті және өзге де есептілікті белгіленген мекенжайлар мен мерзімдерде жасауға және ұсынуға қатысуға, есепке алуды жүргізуге білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының шотындағы қаражат . білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының (1-с базасы және Қазынашылық –клиент) шоты бойынша Қазынашылық департаментінің үзінділерімен ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі құжаттаманы қадағалау, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен және кәсіпорындармен жұмыс істеу, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және ҚР ҚМ Қазынашылық комитетімен өзара іс-қимыл жасау, басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғ. 8, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-29