Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті Мемлекеттік сатып алу және активтер басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс мерзіміне байланысты 26.02.2026 жылға дейін), С-4 санаты, 1 бірлік (№12-6-3)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Бухгалтерлік есеп

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның талаптарына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысына немесе аппарат басшысының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлғаға тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру және бекітуге ұсыну, Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы орналастырылуын қамтамасыз ету, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдері негізінде Министрліктің мемлекеттік білім беру тапсырысының жылдық жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталында уақтылы жасауды, қалыптастыруды, бекітуді және орналастыруды қамтамасыз ету, ашық конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алулар туралы хабарландыруларды, алдын ала талқылау хаттамаларын, қорытынды хаттамаларын мемлекеттік сатып алу веб-порталында уақытылы жариялауды қамтамасыз ету, баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларды, қорытынды хаттамаларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында уақытылы жариялауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу веб-порталында мемлекеттік сатып алу шарттарын уақытлы әзірлеуді, қалыптастыруды және бекітуді қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру тапсырысының қызметтері бойынша, сондай-ақ колледж студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша шарттарды (қосымша келісімдерді) уақтылы құруды, келісуге және тіркеуге жіберуді қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу, Министрлік басшылығына ұсынылатын мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша апта сайынғы есепті дайындауды қамтамасыз ету, басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.11.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.11.2024 – 12.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғ. 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29