Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаменті Мектепке дейінгі білім беруді мониторингтеу, талдау және стратегиялық дамыту басқармасының бас сарапшы, С-4 санаты, 1 бірлік (№04-4-4)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Математика
  • Филология
  • Құқықтану
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Физика және астрономия

Функционалды міндеттер

мектеп жасына дейінгі балалардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге; Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарды (білім беруді басқару органдарын) үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыруға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың инновациялары бойынша халықаралық тәжірибені зерделеуге; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеуге қатысуға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысуға; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және жою туралы ұсыныстарды дайындауды және енгізуді жүзеге асыруға; стандарттау және ұлттық стандарттау жоспары бойынша құжаттардың жобаларын қарауға; стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыруға; стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі Ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға; Министрліктің өкілеттігі шегінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысуға; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді келісуге; мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысуға; ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысуға; үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі ақпаратты ұсынуға; Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық консультациялық әдістемелік қолдау көрсетуге; үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға; басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындауға

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.09.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.09.2024 – 18.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғ. 8, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-21-29 (хабарландыруда көрсетілген электрондық поштаға құжаттардың жеткізілу фактісін нақтылау қажет)