Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты) ОВОКО-27-2-4
Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Шығыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
- Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Арнайы педагогика мамандарын даярлау
- Педагогика және психология
Функционалды міндеттер
- Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың сұрау салуы бойынша ақпарат дайындау, Департаменттің білім беру саласындағы қызметі туралы әкімшілік және ағымдағы бағдарламалық құжаттарды, хаттар, жоспарлар, бұйрықтар жобаларын әзірлеуге қатысу;
- Білім алушылардың білім беру жетістіктерінің мониторингін (ББЖБ) ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу, білім беру мониторингін жүргізу әдісімен білім беру қызметтерін ұсыну сапасын сыртқы бағалауды жүзеге асыру;
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру; арнаулы және мамандандырылған білім беру; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;
- Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
- Білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар беру үшін ұсынылған заңды тұлғалардың құжаттамаларын қарау жөніндегі жұмысқа қатысу;
- Жеке және заңды тұлғаларға ақпарат беру үшін Департаменттің интернетресурсының тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Департаменттің вебсайтында ақпараттық материалдарды жаңартуды тұрақты негізде және онда ақпараттық материалдарды уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету;
- Білім беру ұйымдарында бақылаушы ретінде қамқоршылық кеңестердің отырыстарына қатысу;
- Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттықтүсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу (құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, материалдықтехникалық қамтамасыз ету және жарақтандыру, тамақтандыру, оқушыларды оқулықтармен және ОӘК қамтамасыз ету, тасымалдау және т.б.);
- Білім беруді басқару органдарында педагогтардың кәсіби қызметін қамтамасыз ету бойынша мониторинг (талдау) жүргізу;
- Апатты және үш ауысымды мектептерге мониторинг жүргізу;
- Мектепке дейінгі, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру сапасына мониторинг жүргізу;
- Бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер мәселелері бойынша статистикалық есептерді, талдамалық анықтамалар мен материалдарды жасау;
- Мемлекеттік бақылау шараларының қорытындылары бойынша олардың түрлеріне және жүргізу кезеңдеріне байланысты қабылданған әкімшілік ықпал ету шаралары туралы деректер банкін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа қатысу;
- Тиісті білім беру мекемелеріне, білім беру қызметін өзге де жүзеге асыратын ұйымдарға орындалуы міндетті нұсқамаларды жіберу жолымен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларға жол бермеу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, нұсқамалардың орындалуын бақылау;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдану, оларды қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша жауаптар жобаларын дайындау;
- Білім беру саласындағы мемлекеттік басқару органдарын білім беру жүйесінің жайкүйі туралы, білім беру саласындағы заңнама нормаларының сақталу дәрежесі туралы ақпараттандыру бойынша жұмысқа қатысу;
- Тексеру субъектілерінің (объектілерінің) бірыңғай тізілімінде (ЕРСОП), «Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімінде» (ЕРАП), «Еөтініш» ақпараттық жүйесінде, «Соткабинеті» ақпараттық жүйесінде, құжаттанушыда тиісті жұмысты жүзеге асыру;
- Жүргізу: тексеру тағайындау туралы актілер журналы;
әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алудың электрондық журналы; статистикалық есептілік және Прокуратура органдарымен салыстыру; «Еөтініш» жүйесіндегі өтініш туралы статистикалық есептілік;
- Ай сайынғы ведомстволық, әкімшілік есепті ұсыну және тиісті органдарға жіберу;
- Қаулының заңды күшіне ену мерзімін бақылау;
- Өзінің функционалдық міндеттерін іске асыру кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз ету, қолданыстағы заңнамада көзделмеген ісәрекеттерді жасаудан бас тартуды қамтамасыз ету;
- Құжаттаманың электрондық нысандарын, оның ішінде мәтіндік редакторлармен, электрондық кестелермен, электрондық поштамен және браузерлермен, мультимедиялық жабдықтармен жұмыс істеу негізін жүргізу;
- Баланың құқықтарын қорғау, бала асырап алу, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, қабылдау және қонақ отбасы, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуына қарсы ісқимыл, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара ісқимылды жүзеге асыру;
- Кәмелетке толмағандардың білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында жетім және атаанасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар үшін арнаулы білім беру ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында білім алуға, тамақтануды, тасымалдауды, демалуды, сауықтыруды және бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу және оның нәтижелерін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
- Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан, сондайақ мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша жауаптар (материалдар) дайындау;
- Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау әдістері мен тетіктерін жетілдіру бойынша ақпарат пен ақпарат жинау, талдамалық есептер дайындау;
- Облыстық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының жұмысы бойынша мемлекеттік органдармен өзара ісқимыл жасау;
- Облыстағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау ісінің жайкүйі және білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік бақылау ісшараларының нәтижелері туралы ақпарат департаментінің сайтында орналастыру үшін материалдарды дайындау.
- Департамент басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.kumarova@edu.gov.kz
- 21.06.2024
- Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 80
-
87232-61-65-35