Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Арнайы білім беру басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
237596
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар
- Математика
- Физика
- Химия
- Биология
- Тарих
- Филология
- Құқықтану
- Психология
- Журналистика
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Лингвистика
Функционалды міндеттер
жетекшілік ететін мәселелер бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу және Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын орындау жөнінде ақпарат дайындау жөнінде талдау жүргізуге қатысу және ұсыныстар әзірлеу, мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға арнаулы орта білім беру деңгейінде (арнаулы мектептерде) білім алу үшін арнайы жағдайлар жасау жөнінде жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру мен әдістемелік басшылықты жүзеге асыру/сыныптарда, арнайы мектеп-интернаттарда, "балабақша-мектеп-интернат"арнайы кешендерінде), арнаулы білім беру ұйымдары (арнаулы мектептер/сыныптар, арнаулы мектеп-интернаттар, "балабақша-мектеп интернаты" арнаулы кешендері) ұсынатын арнаулы білім беру бойынша білім беру қызметтерінің сапасын үйлестіруді, әдістемелік және ғылыми әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, арнаулы орта білім беру саласындағы мазмұн және әдіснама мәселелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, бекітуге және енгізуге қатысу, арнайы педагогтарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінде арнайы білім беруді іске асыратын мектеп жасындағы кемтар балалар туралы статистикалық деректерге жиынтық талдау, арнайы орта білім беру деңгейінде Кемтар балаларға білім беру қызметтерін ұсыну саласына Талдау және мониторинг жүргізу, өз құзыреті шегінде "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінің мазмұнын қалыптастыруға қатысу. басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қ., Мәңгілік ел даңғ. 8
-
8 (7172) 74-19-25