Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Жұмылдыру дайындығы және ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
237596
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
- Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
ағымдағы жылға арналған жұмылдыру жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарына, қажет болған жағдайда жекелеген мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспарларына ұсыныстар енгізу, Министрліктің жұмылдыру жұмысы мен Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу, жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс жөніндегі жоспарларды дайындау және орындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау, азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі оқу-жаттығулар жоспарын дайындау, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтау, министрліктің қызметкерлеріне жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс курстарында оқудан өту жөнінде өтінімдер беруге, министрлікте жұмылдыру дайындығы мен Азаматтық қорғаныстың жай-күйі туралы есептер дайындауға, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру іс-шараларын жүргізуге қатысуға, Министрліктің қызметкерлері үшін Радиациялық, химиялық бактериологиялық (биологиялық) және өзге де қорғаудан және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерден, сондай-ақ, азаматтық қорғаныс объектілерінің зақымдану ошақтарында, сондай-ақ осы саладағы білімді насихаттауда, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау саласындағы бақылау тапсырмаларын орындау бойынша ақпарат дайындау, министрлік қызметкерлерін эвакуациялауды дайындау және ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, Министрліктің жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі республикалық және ведомстволық оқу-жаттығуларды (жаттығуларды) дайындауға және өткізуге қатысу, Азаматтық қорғаныс, осы тақырып бойынша әдістемелер мен басқа да материалдарды әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етуде, Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша озық отандық және шетелдік тәжірибені анықтау, зерделеу және тарату жөніндегі жұмысты үйлестіруді, Министрлік бойынша әскери міндеттілерді есепке алуды жүзеге асыруды, әскери есепке алу құжаттарындағы жазбаларға сәйкес жеке карточкаларды толтыруды, Министрлік қызметкерлеріне әскери есепке алу жөніндегі міндеттерді орындау тәртібін түсіндіруді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есепке алу, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізуді ұйымдастыру, семинар – кеңестерге материалдар (бағдарлама, шақырылғандардың тізімі) дайындау, жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау мәселелері бойынша бұйрықтар дайындау, өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру, басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қ. Мәнгілік ел даңғ. 8
-
8 (7172) 74-19-25