Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Білім беру сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Педагогика және психология

Қосымша талаптар

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, тиімділік, жауапкершілік,  адалдық, өзін-өзі дамыту, ынтымақтастық және әрекеттестік,  шешім қабылдау, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Блок А.

3.1. бөлімнің жұмыс жоспарын дайындауға қатысу, оның орындалуын қамтамасыз ету;

3.2. Департамент және бөлім басшысының тапсырмаларын орындау;

3.3. республикалық білім беру ұйымдарын (орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары), рухани білім беру ұйымдарын, денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;

3.4. меншік нысанына қарамастан, республикалық білім беру ұйымдарын (орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары), рухани білім беру және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда,  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарында бақылау субъектісіне барумен профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;

3.5. меншік нысанына қарамастан, республикалық білім беру ұйымдарын (орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары), рухани білім беру және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарында білім беру қызметімен айналысуға берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер жүргізу;

3.6. республикалық білім беру ұйымдарын (орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары), рухани білім беру және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қоспағанда, талаптарға сәйкестігін тексеру және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу;

3.7. өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген

3.8. тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары негізінде бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін құруға қатысу;

3.9. білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылауды өткізу үшін комиссия құрамын қалыптастыруды ұйымдастыру, білім саласындағы білікті мамандардардан сарапшылардың дерекқорын құруға қатысу;

3.10. мемлекеттік аттестаттау шеңберінде білім беру ұйымдарында өткізілетін кешенді тестілеуге қатысу;

3.11. білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингін өткізуге қатысу, мониторинг нәтижесі бойынша білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсету;

3.12. білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізуді ұйымдастыруға қатысу;

3.13. білім беру ұйымдарын тексеруге және профилактикалық бақылауға ведомстволық есеп жүргізу, әкімшілік жаза қолдану және  аталған ақпарат бойынша Комитетке есеп беру;

3.14. әкімшілік практика бойынша жұмыс жүргізу, соның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерге қатысты мәліметтер базасын жасақтау;

3.15. білім беру ұйымдарындағы жүргізілген тексерулер және профилактикалық бақылаудың есеп санын үнемі және үздіксіз негізде жүргізу, сонымен қатар тексеру парағына сәйкес анықталған бұзушылықтардың және оларға қолданылған әкімшілік шаралардың есебін жүргізу;

3.16. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, істерді қозғау және сот органдарына беру, сот процестеріне қатысу;

3.17. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, талап арызбен сотқа жүгіну, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан, жергілікті басқару органдарынан түскен материалдарды, жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары мен өтініштерін, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарастыру, солар бойынша хаттама толтыру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту;

3.18. тексеруді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актінің құқықтық статистика органдарына мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз ету;

3.19. өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының білім саласындағы құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру бойынша ұсыныстар енгізу;

3.20. әкімшілік құқық бұзушылық заңнамаларында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының қызметін тоқтату;

3.21. білім беру мекемелеріндегі педагогикалық әдепті сақтау және педагогтің құқықтарын қорғау қызметіне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;

3.22. педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

Мұғалімдердің кәсіби қызметін қамтамасыз ету бойынша білім басқару органдарына мониторинг (талдау) жүргізу;

3.23. білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

3.24.  білім беру ұйымдарына білім беру процесін құру бойынша әдістемелік және әдіснамалық көмек көрсету;

3.25. Департаментте құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыруға қатысу;

3.26. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштерін қарау;

3.27. Департаментке жүктелген міндетін атқару мақсатында басқа мемлекеттік органдардан, аймақтық ұйымдардан қажетті ақпараттар мен мәліметтерді сұрау және алу;

3.28. Департамент құзыретіне жататын мәселелерді орындау үшін ғылыми және өзге де ұйымдарды, жеке ғалымдарды, ұстаздарды, мамандар мен сарапшыларды белгіленген тәртіппен тарту;

3.29. Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша комиссия жұмысына, жұмыс тобы құрамына қатысу;

3.30. өз қызметі саласында консультативтік кеңестер  (комиссиялар, кеңестер, алқалар) құру;

Семинарлар, кеңестер және басқа да шараларды ұйымдастыру және өткізу;

3.31. Қазақстан Республикасы білім саласында сапаны қамтамасыз ету аясындағы департамент құзырлығына жататын стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға ұсыныстар дайындауға қатысу және стратегиялық жоспарларды, бағдарламалық құжаттарды пайдалану жөнінде ақпаратты дайындау;

3.32. Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау;

3.33. Комитетке атқарып жатқан жұмыстар бойынша уақтылы және сапалы ақпарат беру;

3.34. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;

3.35. бөлім құжаттарының дұрыс және уақтылы рәсімделуін, заңдастырылуын қамтамасыз ету;

3.36. кәсіби деңгейін көтеру бағытында жұмыс істеу;

3.37. белгілі болған сыбайлас жемқорлық жөнінде міндетті түрде Департамент басшысы қаперіне беру;

3.38. құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу, апатты және үш кезеңді мектептер, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және бейне бақылау жүйесімен жабдықтау, санитарлық-гигиеналық ыңғайлылық (жылы әжетхана), оқулықтармен қамтамасыз ету, Қамқоршылық кеңестері, балалар мен педагогтардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша білім беру ұйымдарының дайындығына мониторинг жүргізу;

3.39. мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

3.40. Департаменттің «сенім телефоны» жұмысын сапалы жүргізу;

3.41. Департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми беттерін жүргізу, департамент сайтының жұмысын жүргізу.

3.42. мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, сондай-ақ педагогикалық әдепті сақтау және педагогтың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органның (бұдан әрі - ККО) қызметін үйлестіру. ККО хатшысының негізгі міндетін атқару.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.01.2024 – 16.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.01.2024

Сұхбаттасу орны

Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 215Б, 302А каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7112) 504 405