Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті Инвестициялық жобалар басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне, 24.04.2023 ж. дейін), С-4 санаты, 1 бірлік
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
апатты, үш ауысымды мектептерге, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығына мониторинг жүргізу, апатты, үш ауысымды мектептердің, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін орта білім беру объектілерін салу саласында инвестициялық саясат жүргізуді жүзеге асыру, сондай-ақ салынып жатқан объектілер, оның ішінде құрылып жатқан жұмыс орындары бойынша мониторинг жүргізу; мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жауаптарды уақтылы жасауды және ұсынуды жүзеге асыру; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әзірленетін нормативтік-құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын және сапасын бақылауды қамтамасыз ету; республиканың барлық өңірлерінде студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту, жекенменшік мектептер салу, сондай-ақ МЖӘ тетігі шеңберінде мектептер салу жөніндегі оператордың жұмысын үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.03.2023
- Астана қаласы, Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс
-
8 (7172) 74-21-29