Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Қаржы департаменті Қаржыландыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Министрлiктiң бюджеттiк бағдарламалар, кiшi бағдарламалар мен ерекшелiктер бойынша мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және бекiту, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Департаменттің, Министрліктің ведомстволары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың сұраныстарына сәйкес қажет болған жағдайда бекiтiлген қаржыландыру жоспарларына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын қаржыландыру жоспарларына сәйкестігін келісу; келісім шарттардың қаржыландыру жоспарларына сәйкестігін келісу; азаматтық-құқықтық мәмілелерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркеуді қамтамасыз ету; бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілерінің, қабылдау-өткізу актілерінің дұрыс рәсімделуін келісу; қабылданған және бекітілген орындалған жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың) актілері, қол қойылған тізілімдер, аударуға өтінімдер және төлем жасалғанға дейін басқа да қажетті құжаттар негізінде бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландыруды жедел орындауды жүзеге асыру; бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы нысаналы трансферттерін, дербес білім беру ұйымының нысаналы жарнасын қаржыландыруды жүзеге асыру; Министрліктің бекітілген қаржыландыру жоспарының орындалуына бақылау жүргізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.01.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.01.2023 – 16.01.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МВ

Сұхбаттасу күні

19.01.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Министрліктер Үйі, 11 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 (717) 274-19-25