ҚР Оқу-ағарту министрі Ж.Сүлейменованың ұстаздарды марапаттау рәсіміндегі құттықтау сөзі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ж.Сүлейменованың
ұстаздарды марапаттау рәсіміндегі құттықтау сөзі
01.10.2025 ж.
Құрметті Жеңіс Қасымбекұлы!
Қадірлі Астана қаласының және еліміздің барлық өңірлерінен келген аяулы Ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін түске дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ақорданың төрінде өмірін ағарту саласына арнаған құрметті ұстаздарымызды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Марапатталған мұғалімдер қазір біздің ортамызда отыр. Олардың қатарында колледж оқытушылары, арнайы білім беру ұйымдарының ұстаздары, балалар үйінің тәрбиешілері де бар. Осы ұстаздарымызға тағы да бір қошемет көрсетейік.
Оқу-ағарту министрі ретінде Сіздермен бүгінгі алғашқы кездесуім.
Халқымыз «Ұстаз – келер күннің ұстасы» дейді. Өйткені ұстаз – жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырып, өмірге деген көзқарасын айқындайтын тұлға. Олар жас ұрпақты үздіксіз оқуға, өзін-өзі дамытуға бағыттап, болашаққа сеніммен қадам басуына жол сілтеуі тиіс. Баланы алдағы өзгерістерге икемдеп, жаңа мүмкіндіктерді игеруге қолдау көрсетуі де шарт.
Сондықтан ұстаздардың еңбегі лайықты бағаланып, мәртебесіне үнемі құрмет көрсетіліп келеді.
Бүгінде мұғалім мамандығы беделді мамандықтардың қатарында. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүйелі реформаларының нәтижесінде жүзеге асырылуда.
Баршаңызға белгілі 2019 жылдан бері 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1200 мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 мектептің құрылысы іске асырылуда. Жаңа оқу жылында 150 Келешек мектептері балаларымыз үшін есігін айқара ашты. Сонымен қатар 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы белгіленді. Былтыр екі ұстазымыз «Қазақстанның еңбек ері» атанды. Қоғамның ұстаздарымызға деген құрметі бұдан әрі жалғаса беретін болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы педагогтердің қажырлы еңбегін жоғары бағалап, «шын мәнінде, ұстаздық – жай мамандық емес, бұл – ұлы миссия» екендігін биылғы Тамыз кеңесінде де, бүгінгі кездесуде де баса айтты. Ұстаздарымыздың құқықтық мәртебесін одан әрі нығайту үшін бірнеше міндеттерді де айқындап берді. Аталмыш тапсырма аясында Парламент Мәжілісінде заңнамалық өзгерістер жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысы бұдан өзге биылғы Тамыз кеңесінде «білімнің сапасын жақсарту қажет» деп шегелеп айтқан болатын. Себебі сапалы білім – оқушылардың мызғымас құқығы. Оқу-ағарту министрлігі бұл міндетті сапалы орындау үшін ұстаздарымызбен, ата-аналарымызбен бірлесіп, нақты шаралар қабылдайтын болады.
Инновациялық толқындар, оның ішінде жасанды интеллект технологиялары, бүгінде адамзаттың өмір салтына терең еніп, қоғам дамуының ырғағын түбегейлі өзгертуде.
Бүгін Астанада озық елдердің сарапшыларының бас қосуымен «Digital Bridge 2025» технологиялық форумы өтті. Форум аясындағы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі бірінші кеңесте Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы білім мен ғылым стратегиялық сала екеніне тоқталып, адами капиталды дамытудың, білім берудегі жасанды интеллектінің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен бірге «... мұғалімнің жанашырлығын және ақыл-парасатын ешбір технология алмастыра алмайды. Сондықтан мұғалім мен оқушы арасындағы адами қарым-қатынас білім беру үдерісінің өзегі болып қалуға тиіс», – деп басымдық берді.
Мектептеріміз осы жасанды интеллект заманында уақыт талабына сай алға жылжуы үшін не істеуі қажет?
Бүгінгі түлектер қоғам мен еңбек нарығының жаңа талаптарына бейімделуі үшін қандай білім, қандай дағды, қандай құзыреттіліктерді мектеп жасында меңгеруі керек?
Бұл жолда ұстаздарымыздың рөлі қандай болмақ?
Міне, осындай сұрақтар бойынша алдағы уақытта ата-аналарымыз және ұстаздарымызбен ақылдасатын боламыз.
Білім жүйесі туралы сөз қозғалғанда, көпшіліктің ойына ең алдымен осы саладағы жиі жасалатын реформалар туралы ойлар келеді. Уақыт көрсеткендей, асығыс жасалған қадамдар әрдайым оң нәтиже бере бермейді. Сол себепті білім мазмұнын жетілдіруде әрбір жаңашылдықты терең зерделеп, ұстаздар қоғамдастығымен ақылдасып, байыппен қарастыратындығымызды баса атап өтемін.
Осы ретте Министр ретінде бірқатар ұстаныммен бөлісуге рұқсат етіңіздер.
Біріншіден, мектепте сапалы, қолданбалы білім берілуі тиіс. Мектептің мақсаты тек баланы оқыту ғана емес, қазіргі заманда өз жолын тауып, бәсекелестікте өмір сүре алатын тұлға тәрбиелеу болуы шарт. «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» жобаларының сапалы орындалуына ерекше мән беретін боламыз.
Бүгінгі форумда Президенттің айтқан «Жасанды интеллект технологияларын енгізу ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды жан-жақты қолдау үшін өте өзекті. Негізгі мақсат - инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырып, дамытуға басымдық беру.
Екіншіден, білім жүйесі аясында оқушылардың адамгершілігі мен моральдық келбетін қалыптастыруды, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын кешенді жүзеге асыруды ары қарай жалғастырамыз.
Үшіншіден және ең бастысы, мектептегі мұғалімнің біліктілігін ұдайы көтеру және олардың шығармашылық жұмысына жағдай жасау басты басымдығымыз болады. Себебі білімнің сапасы мұғалімнің білімінің сапасына тікелей байланысты.
Ұстаздарымыз баланың жан-жақты білім алуымен айналысуы қажет. Сондықтан мұғалімдерге оқу үдерісіне қатысы жоқ қосымша шаралар мен артық жұмыстар жүктелмеуі тиіс.
Президент сегодня в своем выступлении на Форуме указал на важность применения искусственного интеллекта в целях автоматизации рутинных задач педагогов. Он четко отметил, что «технологические решения существенно облегчают работу учителей, позволяя им сосредоточиться на главном – наставничестве. Однако важно помнить: никакие технологии не заменят эмпатию и направляющую роль учителя. Человеческая связь между педагогом и учеником должна оставаться основой образования».
В этой связи наша задача - максимально освободить педагогов от лишней, несвойственной нагрузки и создавать условия для их творческого развития, чтобы педагоги могли полностью посвятить свою деятельность детям.
Уважаемые учителя!
Наша главная задача, чтобы каждый ребенок в нашей стране рос счастливым, здоровым, получал качественное образование, мог реализовать свой потенциал, служить Родине, уважать старших.
Поздравляю всех педагогов нашей страны с профессиональным праздником – Днем учителя!
Құрметті ұстаздар!
Біздің алдымызда бір ғана міндет бар, ол бәсекеге қабілетті, терең білімді, озық ойлы, тәрбиелі ұрпақ өсіру.
Осы жолдағы еңбегіміз жемісті болсын!