««Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына баспасөз хабарлама

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен «Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы әзірленді.

Бұйрық жобасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер тізімінен арнайы білім беру ұйымдарын – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларды, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін алып тастауды қарастырады, бұл мекемелер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетпейді.

Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылған

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15261613