«Жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, оның ішінде үлгілік конкурстық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығының жобасына пресс-релиз

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен бекітілген «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына сәйкес бұйрықтың жобасы әзірленді.
Бағдарламалық МЖӘ тетігін әзірлеу және бекіту бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдерін МЖӘ стандартты жобалары бойынша құжаттама пакеттерін әзірлеуден және көптеген сараптамалар мен келісімдерден өтуден құтқаруға мүмкіндік береді, сондай-ақ МЖӘ жобаларын іске асыру мерзімдерін қысқарта отырып, барлық әлеуетті инвесторларға тең мүмкіндіктер ұсынады.
Жоғарыда аталған нормаларды қабылдау сыныптардың тығыздығы мен оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады www.legalacts.egov.kz.