«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығының жобасына пресс-релиз

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен елді әлеуметтік-экономикалық дамыту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 сәуірдегі кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президенті тапсырмаларының орындалуын бақылауды бекіту мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыстың қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын (2.7-тармақ) орындау шеңберінде бұйрықтың жобасы әзірленді.

Жоғарыда аталған нормаларды қабылдау мемлекеттік-жекешелік әріптестік және жан басына шаққандағы қаржыландыру құралдары арқылы бизнесті ұлттық жобаларды іске асыруға белсенді тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұйрық жобасының мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады www.legalacts.egov.kz.