«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығының жобасына баспасөз релизі

«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығының жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 36) тармақшасына, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес әзірленді.

Жоба білім беру саласындағы жекеменшік ұйымдардан келіп түсетін өтініштерді қарау мерзімдерін жаңарту бөлігінде әзірленді.

Мемлекет басшысы 2023 жылғы 5 қазанда Республикалық педагогтар съезінде сөйлеген сөзінде бүгінгі таңда мектептерде орын тапшылығы өзекті мәселе болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, жыл сайын елімізде 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Демографиялық өсудің мұндай қарқыны – білім беру жүйесі үшін үлкен сынақ болып табылады. Тәуелсіздік жылдары елімізде 2300-ге жуық мектеп салынды. Нәтижесінде төрт ауысымды білім беру жүйесінен құтылуға қол жеткіздік. Дегенмен, үш ауысымдық оқыту жүйесі қазір де орын алуда. Көптеген мектептердің техникалық жабдықтары ескірген. Бұл мәселелердің барлығы жүйелі шешімді қажет етеді. Оның бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Екі жыл ішінде барлық өңірлерде, соның ішінде ауылдық жерлерде жүздеген оқу орындары салынады. Осының арқасында біз үш ауысымды оқытудан біржола құтыламыз,- деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде.

Соңғы жылдары мемлекеттік білім беру тапсырысын (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) орналастыру шеңберінде қаржыландырылатын жекеменшік мектептер санының артуы байқалады.

Мәселен, 2020 жылы мемлекеттік тапсырыс (222 жекеменшік мектеп, 2021 жылы – 332, 2022 жылы – 528, 2023 жылы – 598) орналастырылды.*

Соған байланысты қараудың жалпы мерзімі 15 жұмыс күні шеңберінде бастапқы қарау мерзімін 5 жұмыс күнінен 7 жұмыс күніне дейін, қайта қарау мерзімін 3 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін ұлғайту ұсынылады.

Аталған түзету құжаттарды қарау рәсімін кешіктірмейді, бірақ оператордың жекеменшік мектептердің құжаттарын қарау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Өтініш нысанына ақпараттың мазмұнын өзгертпестен нақтылаушы түзетулер енгізіледі. Мақсаты – өтініштерді толтыру кезінде жіберілетін сәйкессіздіктердің санын азайту.

*Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 5 қыркүйектегі № 280 бұйрығымен өтінішпен бірге ұсынылатын құжаттар саны 5 жұмыс күніне дейін ұлғайтылды.

Құжаттарды қарау мерзімдерін өзгерту жекеменшік мектептердің Оператор қарайтын құжаттарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ өтініштердегі кейбір деректерді нақтылау ұсынылады, бұл өтініштерді толтыру кезінде жіберілетін сәйкессіздіктер санын азайтуға мүмкіндік береді.

Жобаның мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің www.legalacts.egov.kz интернет-порталында танысуға болады