Хабарландыру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының жобаларын жария талқылауды бастау туралы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылғы 03 қарашадан бастап «Ашық үкімет» порталында 2024-2026 жылдарға арналған мынадай бюджеттік бағдарламалардың жобаларын жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды:
001 «Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру»
003 «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету»
004 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету»
006 «Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету»
007 «Мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру»
008 «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру»
009 «Техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру»
010 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ға нысаналы салым»
012 «Балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру»
013 «Ғылыми-тарихи құндылықтарға, ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету»