«Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесінің «Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды берудің, кезектілік пен есепке алудың бірыңғай базасы» арқылы «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫНЫҢ жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесінің «Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды берудің, кезектілік пен есепке алудың бірыңғай базасы» арқылы «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫНЫҢ жобасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының «Ақша баламен» қағидатын іске асыруға мүмкіндік беретін мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды есепке алудың, кезектіліктің және берудің бірыңғай базасын қамтитын ақпараттық жүйені құру» 76-тармағын орындау мақсатында орындау үшін әзірленді.
Бұйрықтың жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14755973) және қарау үшін жіберілген:
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына;
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің мүшелеріне;
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелеріне;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына (сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама үшін).