«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен әрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫНЫҢ жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен  әрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫНЫҢ жобасына  БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫНЫҢ жобасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 67-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарының 82-тармағын орындау үшін әзірленді.

Бұйрықтың жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14754012) және қарау үшін жіберілген:

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына;

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің мүшелеріне;

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелеріне;

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына (сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама үшін).