«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жоба Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №1008 Жарлығымен бекітілген Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 47 тармағын мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру жүйесін жетілдіру жолымен күшейтуді орындау үшін әзірленген.
Жобамен келесі түзетулер енгізіледі:
тәрбиешілердің жалақысын 30% - ға арттыру;
жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының, әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенттерін өзектендіру.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14673780
https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/documents/details/513947?lang=kk