«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлiгінің кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз-релиз

Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді алып тастау туралы» 2025 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан республикасы Премьер-Министрінің тапсырмаларына сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасында олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерін және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мектеп-интернаттарын қоспағанда бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта білімнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту қарастырылған.