«Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» бұйрығы жобасының баспасөз-релизі

«Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» (бұдан әрі – Бұйрық) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен бекітілген Жалпыұлттық жоспардың 45-тармағын, «Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1134 қаулысын орындау және балалармен ерте кәсіптік бағдарлау жұмысын жүйелі үйлестіру, болашақ мамандықты саналы түрде таңдау мақсатында әзірленді.
Бұйрыққа «Педагог- кәсіби бағдар беруші» лауазымын қосу туралы толықтырулар енгізілді.
Аталған НҚА жобасы қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына орналастырылады.