Мектепалды даярлық сыныптары, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша мектепте кезекші сынып ашылады

Жарияланған күні: 26 тамыз 2020

Мектепалды даярлық сыныптары, 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша мектепте кезекші сынып ашылады.

Кезекші сыныпта 15 оқушыға дейін оқытылады.

Әр кезекші сыныпқа бөлек мұғалім бекітіледі.

Егер ата-аналар балаларын мектепке жібермеуді ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады.

Қашықтан оқытуда қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары пайдаланылады: интернет-платформа, WhatsApp, компьютер, ноутбук, планшет.