172 000 қазақстандық оқушы биыл 11 сынып бітіреді
18 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім ұйымдары биылғы оқу жылын аяқтауға әзірленуде. Биыл 288 мыңнан астам түлек 9-сыныпты тәмамдап, 10-сыныпты жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайтын болады. 11-сыныпты барлық меншік түріндегі мектептер бойынша 172 мыңнан астам түлек бітіреді.