2025 жылғы 8 қазан күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінде вице-министр Ахметжанов Асылбек Амантайұлының EdTech саласындағы компаниялар мен стартап өкілдерімен кездесуі өтеді.


2025 жылғы 8 қазан күні сағат 15:00-де
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінде (Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, 11-кіреберіс, В-114 кабинет)
вице-министр Ахметжанов Асылбек Амантайұлының EdTech саласындағы компаниялар мен стартап өкілдерімен кездесуі өтеді.
Кездесу тақырыбы: білім беру саласына жасанды интеллектті енгізу.
Кездесу барысында білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру, педагогтердің жүктемесін азайту және басқару тетіктерін жетілдіру мақсатында жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді пилоттық түрде енгізу тетіктері талқыланады.
Барлық туындаған сұрақтар және кандидатураларды ұсыну бойынша
📞 8 705 696 69 09 (Диарбек) нөміріне хабарласуға немесе
📧 d.zhunusov@edu.gov.kz поштасына жазуға болады.
🔗 Сонымен қатар, кездесуге қатысатын өкілдер төмендегі сілтеме арқылы анкетаны толтыруы қажет:
https://forms.gle/QHCoEqy7Z1bZqHeR8
06 қазан 2025
Хабарландыру