Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары ректорларының форумы өтеді

Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары ректорларының форумы өтеді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Құрметті әріптестер!

2022 жылғы 13 мамырда сағат 10:00-де Алматыда Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары ректорларының форумы өтеді.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, қазақстандық жоғары оқу орындарының және Орталық Азия елдерінің ректорлары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Форумның мақсаты – Орталық Азия университеттерінің өңірлік ынтымақтастығын кеңейту.

Форум аясында маңызды бағдарламалық құжаттар мен келісімдерге қол қойылады.

Өтетін жері: ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, №3 мәжіліс залы.

Байланыс нөмірі: +7(7272) 377-31-48,
8-777-222-87-64, 8-747-312-90-95

Оқиға күні

13 мамыр 2022

Өткізу орны

ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, №3 мәжіліс залы

Оқиға түрі

Форум