Цифрландыру – бұл білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен енгізу арқылы басқару тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және деректерді талдауға негізделген шешімдер қабылдау үдерісі.
Министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдарда цифрландыру жұмыстары бірыңғай мемлекеттік саясат шеңберінде жүргізіледі. Бұл бағыттағы негізгі мақсаттар – ақпараттық жүйелерді құру, дамыту және жаңғырту, мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру, деректердің өзектілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Цифрландыру шеңберінде «Ұлттық білім беру дерекқоры» сияқты ірі ақпараттық жүйелерді енгізу мен сүйемелдеу, білім беру платформаларын (LMS) үйлестіру, педагогтерді аттестаттау және жұмысқа қабылдау үдерістерін автоматтандыру, сондай-ақ оқулықтарды сараптау, оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыру секілді маңызды міндеттер атқарылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға, цифрлық деректерді басқаруға, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге, цифрлық трансформацияны жобалық басқару арқылы іске асыруға ерекше мән беріледі. Цифрландыру жұмыстары Мемлекет басшысының Жолдаулары мен стратегиялық құжаттарда белгіленген міндеттерге сәйкес жүзеге асырылады.