Орта білім беру жүйесі – Қазақстандағы адами капиталды қалыптастырудың өзегі, әрбір оқушының зияткерлік және тұлғалық дамуының негізгі кезеңі. Елде жалпы білім беруге ерекше мән беріліп, барлық бала үшін сапалы білімге тең қолжетімділік қамтамасыз етілуде.
Мектеп саны: 7 900-ден астам.
Оқушылар саны: 3,9 миллионнан астам.
Педагогтер саны: 406 мыңнан астам.
📘 Білім мазмұнын жаңарту
– оқытудың инновациялық тәсілдері енгізілді, цифрлық технологиялар қолданылады. 5–10-сыныптарда қазақ тілінен жаңа форматтағы емтихан енгізілді.
📊 Білім сапасын бағалау
– халықаралық стандарттарға сай келетін ұлттық бағалау жүйесі құрылды (ББЖБ, мемлекеттік аттестация, PISA және т.б.).
👩🏫 Педагог кадрларды даярлау
– 2024 жылы 27,9 мыңнан астам мұғалім жаңа аттестаттау жүйесі бойынша біліктілігін арттырды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын ұстаздар үлесі артты.
💻 Цифрландыру
– мектептердің 100%-ы интернетке қосылған, пән кабинеттері жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілуде, электронды оқулықтарға қолжетімділік кеңейтілді.
🏫 Инфрақұрылым мен қолжетімділік
– 2024 жылы 373 мыңнан астам жаңа оқушы орны пайдалануға берілді. «Жайлы орта – қамқор мектеп» жобасы шеңберінде 1 000-нан астам ауыл мектебі жаңғыртылды.
🎖 Дарынды балаларды қолдау
– 2024 жылы қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадаларда 563 медаль жеңіп алды (77 алтын, 201 күміс, 285 қола).
🧩 Инклюзивті білім беру
– ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін қолдау жүйесі енгізіліп, жаңа штат бірліктері мен білім беру бағдарламалары әзірленді.