Мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөледі. 2024 жылы 536 мың жаңа оқушы орнына арналған 302 мектеп ашу жоспарлануда. Соңғы төрт жылда 477 мың орындық 791 мектеп пайдалануға берілді.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2027 жылға дейін балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 50 балалар сауықтыру орталығын ашу және кемінде 100 заманауи нысан салуды көздейді. Бүгінде елімізде 1625 қосымша білім беру ұйымы, 380 түрлі үйірме жұмыс істейді. Оқушыларды қамту деңгейі 81,6% құрайды.