ПМПК есебіне 203 мыңнан астам ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар тіркелген.
Республикада 492 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс істейді, оның ішінде 104 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, 218 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, 99 арнайы мектептер, 48 арнайы мектепке дейінгі ұйымдар, 13 оңалту орталықтары, 10 аутизм орталықтары.
Инклюзивті білім беру жағдайында мектепке дейінгі, орта және техникалық, кәсіптік орта ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 77 мыңнан астам бала оқиды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу үшін 2,4 мыңнан астам педагог-ассистент енгізілді.