Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің
2025 жылғы 24 сәуірдегі №83 «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына (бұдан әрі – №83 бұйрық) сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті мен Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2024 жыл бойынша ішкі талдау жүргізу мерзімі 2025 жылғы 28 сәуір мен 12 маусым аралығы болып айқындалды.

Аталған №83 бұйрық негізінде 2024 жыл үшін келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

  1. ұйымдық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау;

  2. қызметке қатысы бар нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау.

Ішкі талдау жүргізудің құқықтық негіздері:

  1. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағы;

  2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

  3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі №83 бұйрығы.

Ішкі талдау объектілерінің толық атауы:

1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет)

Комитет – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомствосы, ол министрліктің құзыреті шегінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, қосымша білім беру, сондай-ақ балалар мен педагогтердің құқықтарын қорғау саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады. Комитет сондай-ақ министрліктің стратегиялық міндеттерін іске асыруға қатысады.

Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президент пен Үкімет актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.


Ұйымдық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Кадрлық басқару, оның ішінде ауыс-түйіс:
2024 жылы Комитеттің құрылымы мен штаттық санына өзгерістер енгізілген жоқ.
2024 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында Комитет төрағадан,
2 төраға орынбасарынан және 3 басқармадан тұрды, штат саны – 17 бірлік.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша нақты қызметкерлер саны – 20 адам, бос лауазымдар саны – 0.
Құрылымға сәйкес, басшылық лауазымдар саны – 6 (1 төраға, 2 орынбасар, 3 басқарма басшысы), орындаушы лауазымдар – 14 бірлік.
Ауыс-түйіс бойынша өзгерістер тіркелмеген.

Мүдделер қақтығысы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14-бабы бұзылмаған, мүдделер қақтығысы тіркелмеген.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Комитетте азаматтардың өтініштерімен жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК) сәйкес жүргізіледі.
Барлық өтініштер дер кезінде тіркеліп, қаралып, орындалып, бақылауға алынады.
«Е-өтініш» және «Documentolog» ақпараттық жүйелері арқылы өтініштер электронды тіркеледі.
Анализделген кезеңде барлық жауаптар заңнамаға сәйкес, өтініш берілген тілде жолданды.
Жазбаша өтініш білдірген азаматқа өтінішті қабылдаған қызметкердің аты-жөні, өтініш берілген күн мен уақыты көрсетілген талон берілді.
2024 жылы Комитетке «Е-Өтініш» және «Бұлтты құжат айналымы» арқылы бірегей өтініш иелерінен 1617 өтініш келіп түсті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу туралы Комитет қызметкерлеріне қатысты шағымдар түспеген.

Азаматтарды қабылдау
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Комитет басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі тоқсан сайын бекітіледі (ӘРПК 90-бабы).
Азаматтар тарапынан жиі көтерілетін мәселе – Комитет құзыретіне қатысты мәселелер (69 өтініш).

Азаматтарды қабылдау орталығы:
2023 жылғы 1 шілдеден бастап орталық ашылғаннан бері Комитет 26 азаматтарды қабылдау өткізді, 305-тен астам адам қабылданды.
2024 жылы қабылдау нәтижесінде Комитетке 39 тапсырма берілді.
Орталықта Комитет қызметкерлері 76 азаматқа кеңес берді.
Өңірлік білім басқармаларымен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Талдау кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.


Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Анализ кезеңінде Комитет қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізілді.

1-мәселе:
Бұйрық: ҚР БҒМ-нің 2021 жылғы 18 мамырдағы №221 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жобада
Мәселелі норма: Тематикалық жоспарға толықтырулар мен өзгерістер республикалық бюджет есебінен енгізіледі (7-тармақ).
Тәуекелдер:
– негіздемелер көрсетілмеген;
– шешімді қабылдайтын лауазымды тұлға нақтыланбаған;
– мерзім мен жауапты тұлға анық емес.
Ұсыныс: 7-тармақты нақтылау қажет.

2-мәселе:
Норма: Апробацияны уәкілетті орган айқындайтын ұйым жүзеге асырады (28-тармақ).
Тәуекелдер:
– ұйымға қойылатын талаптар жоқ;
– іріктеу рәсімі мен критерийлері көрсетілмеген.
Ұсыныс: 28-тармақты толықтыру қажет.

3-мәселе:
Бұйрық: ҚР БҒМ-нің 2012 жылғы 24 шілдедегі №344 бұйрығына өзгерістер енгізу жобасы
Мәселелі норма: Тематикалық жоспар Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тәуекелдер:
– мерзім көрсетілмеген.
Ұсыныс: 15-тармаққа мерзімдерді енгізу ұсынылады.


2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті (бұдан әрі – ИАББД) 

ИАББД – министрліктің құрылымдық бөлімшесі, инклюзивті және арнайы білім беру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (ЕБҚ) құқықтарын сақтауын қамтамасыз етеді.

ИАББД өз қызметін ҚР Конституциясы мен заңдарына, Президент пен Үкімет актілеріне және басқа да НҚА-на сәйкес жүзеге асырады.

Ұйымдық-басқарушылық тәуекелдер:
2024 жылы құрылым мен штат саны өзгеріссіз қалды.
1 директор, 1 орынбасар және 2 басқарма, штат – 8 бірлік.
2024 жылғы 31 желтоқсанда нақты саны – 10 қызметкер, бос орын – 0.
Басшылық қызметтер – 4, орындаушы – 6.
Ауыс-түйістер тіркелмеген.

Мүдделер қақтығысы:
ҚР Заңының 14-бабы бұзылмаған.

Өтініштер:
567 өтініш тіркелді. Азаматтардың жеке қабылдауы бойынша Президент Әкімшілігі тапсырмасымен 1 хаттамалық тапсырма келіп түсті – орындалып, бақылаудан алынды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.


Нормативтік құқықтық актілердегі тәуекелдер:
Бұйрық: ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығы
Мәселелі норма: Аутизмі бар балаларға арналған орталықтар «Аутизм. Бір әлем – бәріміз үшін» бағдарламасын іске асырады.
Аталған бағдарлама министрлікпен бекітілмеген.
Ұсыныс: №385 бұйрығына өзгерістер енгізу – тек бекітілген арнайы оқу бағдарламаларын қолдануды қарастыру.


Қорытынды

Ішкі талдау нәтижелері нормативтік құқықтық актілер мен ұйымдық-басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екенін көрсетті. Бұл тәуекелдерді болдырмау – алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Комитет пен ИАББД-не 10 жұмыс күні ішінде ұсыныстар негізінде Іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту ұсынылады.
Жұмыс тобы 6 ай ішінде ұсыныстардың орындалуына мониторинг жүргізеді.


Аппарат басшысы,
Жұмыс тобының жетекшісі

Т. Әбілмәжінов

Әдеп жөніндегі уәкіл
М. Талғатұлы

Бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры
Ж. Рахметова

Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры
Г. Шакаева

Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
Т. Исақова

Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры
А. Мусабаев

Персоналды дамыту және басқару департаментінің директоры
Н. Кудияров

Ішкі аудит қызметінің басшысы
Ұ. Түсүпбекова

Заң департаментінің
Талап-арыздармен жұмыс басқармасының басшысы

М. Акишева 

Дата публикации
02 июля 2025