Жалпы ережелер
1. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік)құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
4. Департамент 3 басқармадан тұрады:
1) стратегиялық жоспарлау және дамыту басқармасы;
2) үйлестіру және мониторинг басқармасы;
3) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды талдау басқармасы.