«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларын бекіту туралы»
    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы
    № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31915 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының             16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының                    235-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы               3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің                 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының                    235-21) тармақшасына сәйкес әзірленді және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және есептілікті беру тәртібін айқындайды.»;

6-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы               19 қарашадағы № 702 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12425 болып тіркелген) бекітілген Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларына  сәйкес ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не өз құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық қорытындысы.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Алдын ала тізбеге енгізілген орта білім беру объектісінің сипаттамалары өзгерген не оны Алдын ала тізбеден алып тастау қажет болған кезде ЖАО уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді.»;

23-тармақмынадай редакцияда жазылсын:

«23. Бұрын бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған жәнеазаматтық-құқықтық мәмілелері аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелген объектілерді қоспағанда, құрылысы Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын орта білім беру объектілері бойынша басқа көздер есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.»;

32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«32. ЖАО тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде Уәкілетті органға әрбір жоба бөлінісінде қаражатты игеру (құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жобаны басқаруға, авторлық және техникалық қадағалауға арналған шығыстар бөлінісінде), орындалған жұмыстардың көлемі, объектінің дайындығы, объектіні пайдалануға берудің жоспарлы мерзімі, құрылған уақытша жұмыс орындарының саны туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазбаны қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қор шотының қаражатын пайдалану туралы есепті ұсынады.»;

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың         1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы

 

Е. Оспан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігі

Ұлттық статистика бюросы

Дата публикации
21 июня 2024