1-тарау. Жалпы ережелер
- Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті
(бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Білім туралы»
Қазақстан Республикасының Заңымен, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуір № 976-Жарлығын, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 қаңтар № 10-қаулысын, «Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126-қаулысын Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық актілерді басшылыққа алады.
- Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
- Департамент:
- тәрбие жұмысы басқармасынан;
- қосымша білім беру басқармасынан тұрады.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары және міндеттері
- Мақсаты:
- қосымша білім беру және тәрбие жұмысы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
- тұлғаның зияткерлік, шығармашылық және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау жолымен интеллектті байыту;
- жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін жағдайлар жасау.
- Құқықтары мен міндеттері:
- білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру мәселелері жөніндегі қызметін зерттеу;
- өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен Министрліктің мемлекеттік органдарынан, құрылымдық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, білім ұйымдарынан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты, құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;
- департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелермен министрліктермен, ведомстволармен, басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, оның ішінде үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- қосымша білім беру және тәрбие жұмысы мәселелері бойынша Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың белгіленген тәртіппен дерекқорын пайдалану;
- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың бірінші басшыларын тағайындау және атқаратын лауазымдарынан босату жөнінде ұсыныстар енгізу;
- қосымша білім беру және тәрбие жұмысы саласындағы жекелеген міндеттерді шешу және проблемаларды зерделеу үшін комиссиялар, жұмыс және зерттеу топтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Министрлік басшылығының келісімімен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін, заң жобаларын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау үшін, сараптамалық комиссияларда, жұмыс және уақытша шығармашылық топтарында жұмыс істеуге, сондай-ақ Департамент өзіне жүктелген функцияларға сәйкес өткізетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды тарту;
- құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шаралар шақыру және өткізу, оларға қатысу үшін Министрліктің басқа бөлімшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тарту;
- мемлекеттік органдарда, Министрліктің бөлімшелерінде, өзге де мүдделі ұйымдарда оның мүдделерін қорғайтын мәселелер бойынша кеңестерге қатысу;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүдделерін білдіру;
- Департаменттің құзыреті мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының есептерін тыңдау;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқықтық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
- Функциялары:
- Қосымша білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
- білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, қосымша білім беру саласындағы халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
- Министрлік тарапынан орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясаттын іске асыру жөніндегі қызметін тәрбие мен қосымша білім беру ұйымдарында үйлестіру;
- қосымша білім беру саласында білім беру ұйымдары көрсететін қызметтердің әдістемелік және әдістемелік қамтамасыз ету сапасын басқаруды жүзеге асыру;
- қосымша білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- тәрбие және қосымша білім беру мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- қосымша білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, қосымша білім берудің халықаралық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
- шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу және өз құзыреті шегінде қосымша білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын белгілеу, жұмысты үйлестіру;
- қосымша білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық есепті дайындау және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті қосымша білім беру жүйесінің жай-күйі және оның қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;
- білім беру мониторингін және білім беруді басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
- тиiстi түрлерлеріне сәйкес қосымша бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң үлгiлiк қағидаларын әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жарғыларын қарау және бекітуге енгізу;
- салалық ынталандыру жүйесіне ұсыныс беру;
- тәрбие жұмысының бірыңғай бағдарламасын әзірлеу;
- білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
- педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлеу;
- қосымша білім беру саласында білім беру ұйымдары педагог қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру курстарын ұйымдастыру және өткiзу қағидасын әзірлеу;
- қосымша білім беру мемлекеттік ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау қағидаларын әзірлеу;
- мемлекеттік білім беру тапсырысына қатысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастыру және бекітуге енгізу;
- жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын, оның ішінде қосымша білім беру ұйымының алқалы басшылығын сайлау тәртібін әзірлеу;
- кәмелетке толмағандардың заңға бағыну мінез-құлқын қалыптастыруға, олардың бойында имандылық пен салауатты өмір салты негіздерін тәрбиелеуге бағытталған бағдарламалар мен әдістерді әзірлеу және білім беру ұйымдарының тәжірибесіне енгізу;
- әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыруда қосымша білім беру мекемелерінің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары, сондай-ақ аудандарда, қалаларда немесе қалалардағы аудандарда орналасқан есеп беретін және бақылайтын білім бөлімдері) арасындағы функцияларды бөлуді әзірлеу және бекіту;
- орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысын үйлестіру;
- мектептен тыс ұйымдардың қызметін үйлестіру;
- «Мектеп парламенті» және «Оқушылардың пікірсайыс қозғалысы» жобаларын іске асыруды үйлестіру;
- Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын дайындауға қатысу;
- орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын қалыптастыру;
- конкурстарды, фестивальдарды, орындаушылардың республикалық конкурстарын және спорттық жарыстарды өткізуді үйлестіру;
- Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту мәселелерін үйлестіру;
- «Балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету үшін құжаттарды қабылдау және оларға қосымша білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын әзірлеу;
- қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу;
- орта білім беру ұйымдарында сынып жұмысы туралы ережені әзірлеу;
- мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтеріне шарттар жасасу қағидаларын әзірлеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын, қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету;
- орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлеу;
- қосымша білім беру бойынша білім беру қызметтерін көрсетуге үлгілік шарттың нысандарын әзірлеу;
- ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қосымша білім беру ұйымдарда ұйымдастыру және қабылдауды қамтамасыз ету;
- балалар музыка мектептері, балалар өнер мектептері және балалар өнер мектептері үшін үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
- республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру;
- құзыреті шегінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша Министрліктің даму жоспарын әзірлеу;
- қосымша білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандыруға және қамтамасыз етуге міндетті ең төменгі талаптарды белгілеу;
- қызметкерлердің құпиялылық және ақпаратты қорғау режимі талаптарын сақтауын, сондай-ақ таратылуы шектеулі ақпаратты қамтитын құжаттармен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу және іс жүргізу кодексіне сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ішкі бақылауын жүзеге асыру;
- министрліктің өкілеттігі шегінде ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы ұсыныстарды әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысына ұсыныс беру;
- министрліктің өкілеттігі шегінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басымдық бағыттарын қалыптастыруға қатысу;
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру, олардың қосымша білім беру саласында іске асырылуын жүзеге асыру;
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын қосымша білім беру саласындағы аяқталған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекіту;
- уәкілетті органға ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына енгізу үшін кандидаттар бойынша ұсыныстар енгізу және олардың құрамын келісу;
- іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын базалық қаржыландыру субъектілерінің және ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде (өтініштерде, шағымдарда), ұсыныстарда, жауаптарда және хабарламаларда көтерген жүйелі проблемаларын талдау, мониторингтеу және анықтау;
- білім алушылардың жоғары толеранттылық мәдениетін, тұлғааралық және ұлтаралық қарым-қатынасты қалыптастыруды қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдер арасындағы этносаралық жанжалдардың алдын алу және анықтау шараларын қабылдау;
- білім алушылар арасында толерантты этносаралық қатынастарды нығайтуға, олардың арасында мәдениетаралық өзара іс-қимылды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
- он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриотизмі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекше белгісімен марапаттау қағидаларын әзірлеу;
- он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды көрсеткен патриотизмі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін марапаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындау;
- білім беру ұйымдарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінідегі қызметті үйлестіру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға сәйкес және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту, мемлекеттік қызметтер қызметін көрсету;
- мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын әзірлеу;
- орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлеуге қатысу;
- білім алушылар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша ата - аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру шараларын жүзеге асыру;
- білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру;
- қосымша білім беру саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша баланы қорлаудың (буллинг, кибербуллинг) адын алу қағидаларын әзірлеу;
- кәмелетке толмағандар арасында суицид, зорлық-зомбылық және діни экстремизмнің алдын алу;
- заманауи үгіт-насихат әдістері арқылы жастар арасында энергетикалық сусындарды, мінез-құлық бұзылыстарын, оның ішінде психоактивті заттарды қолданумен, вейпингпен, темекі шегумен, ойынға құмарлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізу.
- жергілікті атқарушы органдардың, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының діни экстремизмнің алдын алу (мектептерде орамал тағудың, намаз оқудың алдын алу) мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және мониторингтеу. , балалар арасындағы діни экстремизм және т.б.);
- жергілікті атқарушы органдардың, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының балалар мен жасөспірімдердің радикалды діни ағымдарға тартылуына жол бермеу (мысалы, «Сүлемандықтармен» жұмыс) жөніндегі қызметін үйлестіру. );
- республиканың кәмелетке толмаған азаматтарының шет мемлекеттерге немесе әскери іс-қимылдар жүргізіліп жатқан немесе төтенше жағдайлардың салдары бар елдердің шекараларына шығуын қадағалау және есепке алу;
- оқушыларды мектепішілік есепке алу және профилактикалық
іс-шараларға тіркеудің тиімділігін бақылау;
- кәмелетке толмағандарға, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа және қылмысқа, қорқытуға, киберқорқыту,
зорлық-зомбылыққа қарсы тұру бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру. Мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және ҚР ІІМ және ҚР БПҚСжАЕАЖК-мен өзара іс-қимыл жасау;
- қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізе отырып, орта білім беру ұйымдарында ішкі мектеп іс қағаздарын жүргізу қағидаларын әзірлеу;
- девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарының, ұстаудың ерекше режиміндегі арнаулы білім беру ұйымдарының проблемалық мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
- балалардың жалпыға бірдей орта білім алу құқығын қамтамасыз ету (10 және одан да көп күн сабаққа қатыспаған оқушыларды есепке алу) бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
- жергiлiктi атқарушы органдары, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының бiлiм басқармалары, қалалар мен аудандардың бiлiм бөлімдері, бiлiм беру ұйымдары адамгешілік-жыныстық тәрбие бойынша, балалар жезөкшелiгiне, порнографияға, ерте жүктілік пен қыз алып қашу және ерте онкологиялық ауруларға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру және мониторингi;
- Денсаулық сақтау және Ішкі істер министрліктерімен жергілікті атқарушы органдар, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары бірлесе отырып психоактивті заттарды, көңілдендіретін газды, темекі шегуді, электронды темекіні пайдаланудың профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жүргізу;
- Денсаулық сақтау министрлігімен, Ішкі істер министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларымен, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерімен, білім беру ұйымдарымен алкогольдік және энергетикалық сусындардың профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
- жергілікті атқарушы органдардың, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының гендерлік саясатты іске асыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;
- жергiлiктi атқарушы органдардың, облыстық, Астана, Алматы, Шымкент қалалары бiлiм басқармаларының, қалалар мен аудандардың бiлiм басқармаларының, бiлiм беру ұйымдарының жазғы демалысты, сауықтыру және бос уақытты ұйымдастыру, желiсiн кеңейту жөнiндегi қызметiн үйлестiру және мониторингтеу; балаларды сауықтыру орталықтарының (сауықтыру орталықтарын салу, қайта құру, «Жаздық жолдама» Қазақстан халық қорының жобасы, «Балалардың денсаулығы, демалысы және демалысы» тұжырымдамасы, балалардың сауықтыру және демалысын жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі, кеңесшілер курстары, Бөбек лагерлерінің бағдарламасы, Балдәурен);
- мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
- үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін, нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға қатысу;
- педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеуге қатысу;
- педагогтерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
- біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуге қатысу;
- өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
- әлеуметтік педагогтардың қызметін үйлестіру;
- жетекшілік ететін жұмыс саласындағы Министрлік туралы ережеде, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
- Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
- Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.
- Департамент директорының екі орынбасары бар.
- Департамент директоры Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты.
- Департамент директоры мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
______________________________