Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті туралы ереже

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті
    (бұдан әрі – Департамент) оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып  табылады.
  2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің құрылымын Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі, департаменттің штат санын министрлік аппаратының басшысы бекітеді.
  4. Департамент:

1)  Инклюзивті білім беру басқармасы;

2) Арнайы білім беру басқармасынан тұрады.

 

2 тарау. Департаменттің тапсырмалары, құқықтары мен міндеттері , функциялары

  1. Мақсаттары:
  • инклюзивті және арнайы білім беру аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, барлық деңгейлерде инклюзивті және арнайы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

6.Құқықтары мен міндеттері:

  • заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
  • департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманың қолдануы бойынша түсініктемелер беру;
  • жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;
  • құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
  • министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынышты ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен мәліметтерді сұрату;
  • департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-әрекет жүргізуге қатысу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру ұйымдарында жекелеген міндеттерді шешу және проблемаларды зерделеу үшін комиссиялар, жұмыс және зерттеу топтарын құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • министрліктің жұмыс жоспарын, басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімде уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік және халықаралық бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, оның ішінде білім беру ұйымдарында инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
  • қызметкерлердің таралуы шектеулі мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыста құпиялылық және ақпараттық қауіпсіздік режимінің талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.
  1. Функциялары:
  • инклюзивті және арнайы білім беру аясындағы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ерекше білімді қажет ететін (бұдан әрі – ЕБҚ) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру және арнайы білім беру ұйымдары (арнайы балабақшалар/топтар, арнайы мектептер/сыныптар, психолого-медико-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК),психологиялық педагогикалық түзеу кабинеттері (бұдан әрі – ППТК), реабилитациялық орталықтар (бұдан әрі – РО), аутизм-орталықтар) деңгейінде ЕБҚ білім алушыларға білім алу үшін арнайы жағдайлар жасау бойынша жергілікті атқарушы органдарға үйлестіру және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
  • инклюзивті және арнайы білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру,мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, қосымша білім беру ұйымдарында инклюзивті және арнайы білім беру бойынша халықаралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің сапасын басқаруды, олардың сапасын әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
  • арнайы және инклюзивті білім беруді ескере отырып, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеуге қатысу;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарында инклюзивті және арнайы білім беру бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  • ЕБҚ бар балалардың мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру , инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейінде ЕБҚ білім алушылар үшін үлгілік арнайы оқу жоспарлары мен үлгілік арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу;
  • мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру жүйесіндегі инклюзивті және арнайы білім берудің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы әзірлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекетті арнайы білім беру қызметінің тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу;
  • арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тиісті типтегі және түрдегі үлгілік қағидаларын әзірлеу;
  • мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын әзірлеу;
  • ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын әзірлеу;
  • мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
  • арнайы білім беру ұйымдарының базалық инфрақұрылымын құру үшін стандарт әзірлеу;
  • білім берудің инклюзивтілігін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;
  • оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылық жүргізу және үйлестіруді жүзеге асыру, арнайы білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ЕБҚ балаларға қашықтықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлеу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
  • республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін, оның ішінде электрондық нысанда да  әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жарғыларын бекіту, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру;
  • тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша арнайы педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу;
  • еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, арнайы білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын әзірлеу;
  • арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
  • орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында ерекше білімді қажет ететін білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • ЕБҚ білім алушыларды білім беру ұйымдарының типтері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін белгілеу, арнайы білім алуға мұқтаж адамдар үшін білім беру ұйымдарында қажетті орын санын айқындау;
  • білім алу үшін инклюзивтіліктің бірыңғай қағидаттары мен нормативтерін және арнайы шарттарын айқындау;
  • ЕБҚ білім алушыларды аттестаттау әдістемесін айқындау;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың техникалық құралдарына нормативтік талаптарды әзірлеу;
  • ЕБҚ білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • арнайы білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын әзірлеуге қатысу;
  • орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар ЕБҚ білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлеуге қатысу;
  • инклюзивті мәдениет бойынша педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • арнайы педагогтер мен педагог-ассистенттердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ  арайны педагог,педагог-ассистенттердің  қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік арнайы ұйымдардың бірінші басшыларына ротациялауды жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • арнайы және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын келісу және бекіту қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беретін арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын әзірлеу;
  • арнайы педагогтер бойынша "Үздік педагог" атағын беру қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • ЕБҚ балаларға білім беру саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеуге қатысу;
  • ЕБҚ балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы арнайы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
  • ЕБҚ балаларға арналған кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын инклюзивті және арнайы білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың түрлерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың, мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға, ЕБҚ балаларға берілетін анықтаманың нысанын бекіту;
  • министрлік қалыптастыратын инклюзивті және арнайы білім беру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
  • арнайы орта, техникалық және кәсіптік, орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуге міндетті құжаттар тізбесін және олардың нысанын әзірлеуге қатысу;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • арнайы педагогтер лауазымдарының тізбесін әзірлеу;
  • арнайы педагогика бойынша педагогикалық қайта даярлау тәртібін әзірлеуге қатысу;
  • арнайы педагогтерді аттестаттаудан өту қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • арнайы үлгілік оқу жоспарларын сараптау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің техникалық және кәсіптік білім берудің арнайы үлгілік оқу бағдарламалары қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • арнайы білім беру ұйымдары үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлеуге қатысу;
  • Министрліктің өкілеттігі шегінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысу;
  • мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, оларды инклюзивті және арнайы білім беру саласында іске асыруды жүзеге асыру;
  • ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына енгізу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарды уәкілетті органға енгізу және олардың құрамдарын инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша сәйкес келуі;
  • уәкілетті органға инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын базалық қаржыландыру субъектілерінің және ғылыми ұйымдардың тізбелерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
  • өз құзыреті шегінде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарына әдіснамалық қолдау көрсету;
  • мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын әзірлеуге қатысу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымы мен қағидаларын құрастыруды әзірлеуге қатысу ;
  • Департаменттің құзыреті шегінде салалық көтермелеу жүйесін әзірлеуге қатысу;
  • мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, кәсіптік практика жүргізуге арналған үлгілік шарттың және ЕБҚ бар балаларға арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын әзірлеуге қатысу;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік жарақтандыруға және қамтамасыз етуге қойылатын міндетті ең төменгі талаптарды белгілеу;
  • арнайы педагогтер бойынша біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесінің әдістемесін әзірлеуге қатысу;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың арнайыы бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының арнайы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлеуге қатысу;
  • мектепке дейінгі және мектеп жасындағы ЕБҚ балаларды орта білім алғанға дейін есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты қызметтер тізбесін қалыптастыруға қатысу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша білім беру ұйымының алқалы басқаруды сайлау тәртібін қоса алғанда, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу;
  • арнайы білім беру ұйымдары туралы ережені әзірлеу;
  • Халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектінің меншік нысанына қарамастан оларды аттестаттау қағидаларын әзірлеуге және бекітуге қатысу;
  • әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау және мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жөніндегі біліктілікті арттыру стандарттарын әзірлеуге қатысу;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге қатысу;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтерге халықтың мұқтаждығына талдау жүргізуді қамтамасыз етуге қатысу;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер субъектілерін ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыруға қатысу;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтер мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, Халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен, басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға қатысу;
  • Қазақстан Республикасының ЕБҚ балалар жөніндегі заңнамасына сәйкес ұлттық тізілімдеріндегі сәйкестендіру нөмерлерінде қамтылған мәліметтерді алуға қатысу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерін, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және олардың күшін жою туралы ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асыруға қатысу және уәкілетті органға енгізу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық стандарттары мен ұлттық жіктеуіштерін әзірлеуді жүзеге асыруға қатысу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын және ұлттық стандарттау жоспарын қарауға қатысу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстарды дайындауға қатысу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі Ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру бойынша өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын басқару органдары арасында функцияларды бөлуді әзірлеуге қатысу (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ аудандарда, қалаларда немесе облыстық және Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасқан білім берудің есеп беретін және олардың бақылауындағы бөлімдері);
  • мемлекеттік ұйымдардағы арнайы педагогтердің жалақысын есептеу қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • арнайы педагогтердің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшелігін айқындау қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін және тәлімгерлікті жүзеге асыратын арнайы педагогтерге қойылатын талаптарды әзірлеуге қатысу;
  • тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша арнайы білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында пайдалануға шектелген, енгізуге тыйым салынған заттар мен заттардың тізбесін әзірлеу және бекіту;
  • халықаралық салыстырмалы білім беру сапасына зерттеулер жүргізуді, үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауды, сондай-ақ өз құзыреті шегінде «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қалыптастыруды, сүйемелдеуді, жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, интеграциялауды және қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындауға қатысу;
  • арнайы және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша "ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды әзірлеуге қатысу;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз етуге қатысу;
  • өз құзыреті шегінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдауға қатысу;
  • өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізуге қатысу;
  • Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға және ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Министрліктің өкілеттігі шегінде ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
  • мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді келісуге қатысу;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіcу арқылы Министрліктің даму жоспарын әзірлеуге қатысу;
  • өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдарда бюджеттік және қаржылық тәртіпті бақылауды қамтамасыз етуге қатысу;
  • мүмкіндігі шектеулі балалар бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
  • арнайы білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу, ЕБҚ балаларды мектептерге жеткізу, өз құзыреті шегінде қадағалаусыз қалудың және құқық бұзушылықтардың алдын алу;
  • арнайы білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру мен тасымалдау бойынша мониторингі мен талдауын жүзеге асыруға қатысу;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес құруға қатысу;
  • өз құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі ақпаратты ұсынуға қатысу;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау бойынша жоспарланатын тақырыптар мен ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға қатысу;
  • үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы өз құзыреті шегінде мемлекеттік гранттарды беруге қатысу және инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік гранттарды іске асыру нәтижелері туралы оператордың есебін қарау;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға қатысу;
  • өз құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде қаржыландыру бағыттары мен көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
  • өз құзыреті шегінде стратегиялық әріптестікті іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестермен шарттар жасасуға және оларды конкурсттық іріктеуден өткізуге қатысу;
  • өз құзыреті шегінде стратегиялық әріптестікті іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырудың жасалған шарттары мен қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестердің міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыруға қатысу;
  • жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс қимыл саласындағы уәкілетті органға өз құзыреті шегінде стратегиялық әріптестікті іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат беру;
  • инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша өтініштерде (өтініштерде, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, жауаптарда және хабарламаларда жеке және заңды тұлғалар көтеретін жүйелік проблемаларды талдауды, мониторингтеуді және анықтауды жүзеге асыруға қатысу;
  • өз құзыреті шегінде балалар мен жасөспірімдер арасында алдын алу шараларын қабылдау және этносаралық қақтығыстарды анықтау,оқушылардың бойында толеранттылықтың, тұлғааралық және этносаралық коммуникациялардың жоғары мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етуге қатысу;
  • ЕБҚ оқушылар арасында толерантты этносаралық қатынастарды нығайтуға, олардың инклюзивті және мәдениаралық өзара іс-қимылын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
  • он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі ЕБҚ балалар мен жастарға көрсетілген патриотизм және белсенді азаматтық ұстанымы үшін айрықша белгімен марапаттау қағидаларын әзірлеуге қатысу;
  • мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жөніндегі кәсіби стандартқа сәйкес әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
  • мүмкіндігі шектеулі балалар бойынша арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидаларын келісуге қатысу;
  • мүмкіндігі шектеулі балалар бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын келісуге қатысу;
  • арнайы білім беру ұйымдарының (арнайы балабақшалар/топтар, арнайы мектептер/сыныптар, ПМПК, ППТК, РО, аутизм орталықтары) бірыңғай әдістемелік базасының мониторингімен және оның жетілуімен  қамтамасыз ету;
  • ЕБҚ адамдар мен балалар туралы статистикалық деректердің жиынтық талдауы (мүмкіндігі шектеулі балалар, мигранттар,оралмандар,қандастар, девиантты мінез-құлық бар балалар және т. б.), мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейлерінде ЕБҚ адамдар мен балаларға көрсетілетін қызметтер жүйесін  талдау және мониторингілеу;
  • мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейінде инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша ұсыныстарды, шағымдарды, өтініштерді,депутаттық сауалдарды қарау;
  • мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім деңгейлерінде инклюзивті және арнайы білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңестерін, отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Департаменттің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
  3. Заңнамада белгіленген жағдайларда Департамент директорының орынбасары болады.
  4. Департамент директоры құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  5. Департамент директоры Министрлік басшылығына Құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  6. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

_______________________________

Дата публикации
12 апреля 2024