«Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға)қатысушылардың құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 45 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларға және ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушыларды қалыптастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1.Халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін ұлттық құрама командаларды дайындау бойынша оқу-жаттығу жиындары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының базасында да, шетелдік ЖОО-ның оқу-әдістемелік орталықтарында да өткізу.»;
14 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Әрбір жалпы білім беретін пән бойынша оқу-жаттығу жиынының ұзақтығы күнтізбелік 12-ден 30 күнге дейін құрайды.».
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |