Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы «___» ________
№ _____ бұйрығына
№_____қосымша
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің
Жұмылдыру дайындығы және ақпараттық
қауіпсіздік басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Министрліктің жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс жұмыстарын ұйымдастыру;
2) жұмылдыру, әскери жағдай және әскери уақыт режимінде Министрлік қызметінің тиімді көшуін ұйымдастыру;
3) жұмылдыру, әскери жағдай, әскери уақыт кезеңінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін азаматтық қорғаныс іс-шараларын өткізуге дайындау;
4) жұмылдыру, әскери жағдай, әскери уақыт жағдайында үзіліссіз жұмысқа көшуін қамтымасыз ету;
5) қызметшілердің әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқуларға қатысуын ұйымдастыру;
6) Министрліктің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
7) Министрлікте, оның ведомстволық ұйымдарында және оқу орындарында ақпараттық қауіпсіздік саясатын анықтау;
8) Мемлекеттік құпия болып табылмайтын ақпаратты техникалық қорғау тәсілдері мен құралдарын таңдау;
9) Ақпараттық қауіпсіздікті болжау және уақтылы анықтау;
10) Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіру және әдістемелік қамтамасыз ету;
11) Құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел және техникалық ақпараттармен алмасу жолымен өзара іс-қимыл жасаудың белгіленген тәртібінде жүзеге асыру.
Басқарма өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:
1) жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс жөніндегі жоспарларды дайындау және орындау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасауға;
2) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру іс-шараларын өткізуге қатысуға;
3) жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс жөніндегі жоспарларды дайындау және орындау мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, министрліктермен, ведомстволармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізуге;
5) Басқарма құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының есептерін тыңдауға;
6) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының деректер қорын, ақпараттық жүйелерін белгіленген тәртіппен пайдалануға;
7) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардан, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алуға;
8) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;
9) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, кеңестер және басқа да іс-шаралар өткізуге;
10) уәкілетті органдармен және ұйымдармен өзара байланыс жасауға құқылы.
Басқарма:
1) Министрлік басшыларының тапсырмаларын белгіленген мерзімде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
2) Министрлікте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
3) «Білім туралы», «Жұмылдыру дайындығы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын және ақпараттық қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс саласындағы басқа да құқықтық актілердің талаптарын орындауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға;
5) осы Ережемен белгіленген міндеттер мен функцияларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті.
1) Министрліктің жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бойынша жоспарын әзірлейді және уәкілетті органмен келіседі;
2) Министрліктегі жұмылдыруды даярлау және азаматтық қорғаныс жағдайы бойынша есептерді дайындайды;
3) жұмылдыруға даярлау және жұмылдыру іс-шараларын өткізуге қатысады;
4) Министрліктің жұмылдыру дайындығы бойынша баға дайындайды;
5) ақпараттық қауіпсіздіктің техникалық құжаттамасының талаптарын орындауды бақылайды;
6) құжаттамалық ақпараттық қауіпсіздікті бақылайды;
7) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысында активтерді басқаруды бақылайды;
8) бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың заңдылығын бақылау;
9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында тәуекелдерді басқаруды бақылайды;
10) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын тіркеуді бақылайды;
11) ақпараттық қауіпсіздік бойынша ішкі аудитті жүргізеді;
12) ақпараттық қауіпсіздік бойынша сыртқы аудитті ұйымдастыруды бақылайды;
13) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын бизнес-процестердің үздіксіздігін бақылайды;
14) персоналды басқару үшін ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды бақылайды;
15) «Электрондық Үкімет» ақпараттандыру объектісі бойынша ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйіні мониторинг жүргізеді;
16) қызметтік ақпараттарды бақылау;
17) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
_______________________________