Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2023 жылғы «___» ________

№ _____ бұйрығына
№_____қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің

Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің

ЕРЕЖЕСІ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымы, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министрліктің Аппарат басшысымен бекітіледі.
  4. Департамент келесі құрылымдық бөлімшелерден тұрады:

1) Цифрлық даму басқармасы;

2) Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау және автоматтандыру басқармасы.

 

2-тарау. Департаменттің мақсаттары,  құқықтары мен міндеттері,  функциялары

 

  1. Мақсаттар:
  • министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттандыру және цифрландыру саласында бірыңғай саясатты жүргізу;
  • министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерін құру, дамыту және жаңғырту бойынша жұмыстарды үйлестіру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін автоматтандыру, оңтайландыру және реинжиниринг жасау.
  1. Құқықтар мен міндеттер:

1) өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардан, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, білім саласындағы ұйымдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан ақпараттар мен материалдарды сұрату және алу;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, министрліктермен, ведомстволармен, басқа да мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен, сонымен қатар шаруашылық субъектілермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас жасау;

3) білім беру мәселелері бойынша Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының деректер қорын белгіленген тәртіппен пайдалану;

4)      жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;

5) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қорытындыларды, хаттарды келісу;

6) заң жобаларын, нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу үшін сараптамалық комиссияның, жұмыс топтарының және уақытша шығармашылық ұжымдардың жұмысына, сонымен қатар жүктелген функциясына сәйкес Департамент өткізетін іс-шараларды әзірлеуге және оны іске асыруға Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін, ғалымдар мен басқа мамандарды, оның ішінде шетелдіктерді, Министрлік басшыларының келісімімен қатыстыру;

7) белгіленген тәртіпте өз құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша жиналыстар, семинарлар мен басқа іс-шараларды өткізуге және оларда қатысу үшін Министрліктің басқа құрылымдарының мамандарын, басқа мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен шақыру;

8) мемлекеттік органдар мен Министрліктің бөлімшелеріндегі, басқа мүдделі ұйымдардағы мүддесін козғайтын мәселелер бойынша жиналыстарға қатысу;

9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге ұйымдарда  Министрліктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүдделерін білдіру;

10) Департамент құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының есептерін тыңдау;

11) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу;

12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. Департаменттің функциялары:
  • Ақпараттандыру және есептеу кешендерін және телекоммуникациялық жүйелерді, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етуді, компьютерлік техниканы және Министрлікте, Комитеттерде және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда деректерді беруді жаңғырту үшін техникалық тапсырмаларды сараптамалық бағалауды немесе ұсынуды қамтамасыз етеді;
  • Ақпараттық технологиялар, Есептеу техникасы және телекоммуникация құралдары, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің орындауын талдауды жүзеге асырады;
  • ақпараттық жүйелерді енгізу, пайдалану және қызмет көрсетуде және Министрлікте, Комитеттерде және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда ақпараттық-есептеу кешенін тиімді пайдалануды бақылауда әдістемелік және операциялық-техникалық нұсқаулар береді;
  • Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобаларын және оларды іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөнінде уақтылы шаралар қабылдау үшін Департамент әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты тұрақты негізде мониторинг жүргізеді;
  • Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін цифрландыруды дамытудың негізгі бағыттары бойынша талдамалық баяндамаларды, Министрлік алқасына материалдарды, Министрдің сөз сөйлеулерін, ҚР Үкіметінің отырыстарын дайындауға қатысады;
  • Өз құзыреті шегінде білім берудің заңнамасы мен нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде ұсыныстар әзірлейді және қатысады;
  • Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іске асыру және дамыту бойынша бірыңғай саясатын өз құзыреті шегінде үйлестіреді және ұсыныстарды әзірлейді;
  • Жұмыс топтардың және басқа кеңес органдарының қызметіне, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде Министрдің, оның орынбасарларының, Аппарат басшысының тапсырмалары бойынша кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысады;
  • Департамент құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізеді және қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнаманың нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді;
  • Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволық бағыныстағы мекелеріне және ұйымдарына Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттар мен түсіндірулерді әзірлейді және жібереді;
  • Министрліктің ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану саласындағы жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
  • Негізгі қызметті жүзеге асыру шеңберінде Министрлік қолданатын ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның және ақпараттық технологиялардың тиімділігін және сенімділігін жоғарылату бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  • ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін автоматтандыру, оңтайландыру, реинжиниринг бойынша жұмысты жүзеге асырады;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және жетілдіреді;
  • мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, инклюзивті білім беру, Балалардың құқықтарын қорғау саласында жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • ҚР заңнамасына сәйкес білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг, ішкі бақылау жүргізеді;
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау бойынша Министрліктің жұмысын үйлестіреді;
  • Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша қызметтің тиімділігін бағалау жөніндегі министрліктің жұмысын үйлестіреді;
  • Министрліктің «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
  • облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының жетекшілік ететін іс-шараларды, жобалық басқару құралдарының көмегімен білім беру жүйесін цифрландыру мәселелері бойынша тапсырмалардың орындалуын үйлестіруді және олардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
  • АЖ-де деректерді өзектендіру бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
  • Министрлік тарапынан Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 394/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдардың функцияларын іске асыру мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидалар» талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Министрліктің деректерді басқару жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерін әзірлейді және келіседі;
  • Министрлікті цифрландыру жобасы бойынша жұмыстарды орындаудың барлық кезеңдерінде мониторингті жүзеге асырады;
  • «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесін қалыптастыруды, қолдап отыруды, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, оны интеграциялауды және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының Бірыңғай ақпараттық кеңістігінде «Электрондық үкімет» енгізу бойынша мемлекеттік органдарды цифрландыру, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету саясатын іске асырады;
  • Кіріс және шығыс хат-хабар жөніндегі материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асырады;
  • Министрліктің, Департаменттің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге, түзетуге және іске асыруға қатысады;
  • Департаменттің құжаттарын есепке алуды және сақтауды, олардың Министрліктің мұрағатына жібергенге дейінгі жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған
    іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;
  • Департамент құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялайды;
  • білім беру саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
  • білім беруді басқару жүйесін білім беру мониторингін және ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыруды, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласында ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын бекітуді қамтамасыз етеді;
  • мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізуге басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыруды, оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарына қашықтықтан білім беру бойынша қойылатын талаптарды қамтамасыз етеді бастауыш, негізгі орта білім беру бағдарламалары бойынша қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында;
  • оқу-тәрбие процесінде қолданылатын білім беру платформаларының (LMS-жүйелерінің) жұмысы бойынша жұмысты үйлестіреді;
  • оқушы мен мұғалімнің бейіндерін оңтайландыру және автоматтандыру, білім беру ұйымының қатаң есептілік құжаттарын оңтайландыру, педагогтерді аттестаттауды автоматтандыру, педагогтерді жұмысқа қабылдау, оқулықтарды сараптау және т. б. бөлігінде ҰБДО АЖ модульдерін әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді.;
  • Департаментке Қазақстан Республикасы заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттерді іске асырады, сонымен қатар басшылықтың өзге де жұмыс тапсырмаларын орындайды.

 

Білім беруді цифрлық дамыту басқармасы

Мақсаттары:

1) Министрліктің ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2) Министрліктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құруды және дамытуды қамтамасыз ету;

3) Министрліктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

4) заманауи технологияларды қолдану арқылы Министрліктің жұмысын оңтайландыру;

5) Министрліктің ақпараттық технологияларды қолдану деңгейін арттыру;

6) ақпараттандыру саласындағы білім беру саласының бірыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

7) құру, дамыту жөніндегі стратегиялық бағыттарды әзірлеу Министрліктің, комитеттердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттық жүйелерін жаңғырту;

8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу, енгізу, дамыту және жаңғырту мәселелеріне байланысты министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, комитеттердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін жоспарлауды ұйымдастыру, үйлестіру және мониторингілеу;

9) Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

10) Ақпараттық технологиялар мен цифрландыруды қолдану саласындағы министрліктің мәртебесін арттыру;

11) Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың ақпараттандыру және цифрландыру саласында бірыңғай саясатты жүргізу.

Функциялары:

  • Министрліктің басшылығына мемлекеттік саясатты қалыптастыру және білім беру саласында цифрландыруды дамытудың басым бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеу және ұсыну;
  • мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру, цифрландыру саласындағы білім беру дамытудың стратегиялық жоспарлары;
  • Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін цифрландыру дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша ақпараттық зерттеулерді (қысқаша нәтижелер) дайындауды қамтамасыз ету;
  • білім беруді цифрландыру саласындағы есептер мен статистиканы құрастыру, талдау жасау;
  • білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу;
  • ақпараттық жүйелердің, ақпараттық ресурстардың жұмыс істеуіне байланысты ағымдағы шығындарды қаржыландыруға арналған шоғырландырылған өтінімдерді дайындауды жүзеге асыру;
  • білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды қадағалау;
  • уәкілетті органмен ақпарат саласындағы және «электрондық үкімет» саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және келісу;
  • «электрондық үкімет» қалыптастыру, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамыту, олардың бірыңғай ақпараттық кеңістігінде үйлесімділігін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
  • Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мекемелердің ішкі және сыртқы ақпараттық ресурстардағы және ақпараттық жүйелердегі қажеттіліктерін талдау жүргізу;
  • Департаменттің және министрліктің ақпараттық-аналитикалық жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті, жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, оның ішінде сыртқы мамандандырылған ұйымдармен шарттық негізде;
  • ақпараттық жүйелерді құру және енгізу, компьютерлік техниканы жаңғырту, коммуникациялар мен деректерді беру желілерін құру және іске асыру бойынша тұжырымдамалар, жоспарлар, бағдарламалар мен техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді және келісуді қамтамасыз ету және оларды Министрлік, Комитеттер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жүзеге асыруға бақылау жасау;
  • Департаменттің құзыретіне мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді дайындауға және қатысуға ат салысу;
  • бағдарламалық қамтамасыз етуді және аппараттық құралдарды пайдаланудың және пайдаланудың жағдайын бақылау, олардың жұмыс істеуі мен қолданылу тиімділігін талдау;
  • Департаменттің және Министрліктің ақпараттық және аналитикалық жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық қолдау, жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану, оның ішінде сыртқы мамандандырылған ұйымдармен шарттық негізде жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
  • мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды және мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi есепке алуды және тiркеудi, сондай-ақ оларды сақтауды қамтамасыз етуге;
  • электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің және депозитарийдің Мемлекеттік тізіліміне ақпаратты жаңарту;
  • Министрліктің деректерін басқару бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
  • ақпараттық технологияларды қолдану бойынша Министрліктің қызметін жетілдіруді дамытуға қатысу;
  • Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларын білім саласында қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша
    іс-шараларды орындау үйлестіру және бақылау;
  • «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша Министрлік қызметінің тиімділігін бағалау бойынша Министрліктің жұмысын үйлестіру;
  • Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының жетекшілік ететін іс-шараларды, жобалық басқару құралдарының көмегімен білім беру жүйесін цифрландыру мәселелері жөніндегі тапсырмаларды орындау жөніндегі қызметін үйлестіру және бақылау;
  • Министрліктің ақпараттық жүйелерінде деректерді өзектендіру бойынша жұмысты үйлестіру;
  • Министрлік тарапынан Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 394/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдардың функцияларын іске асыру мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық ресурстарды жинау, өңдеу, сақтау, беру жөніндегі қағидалар» талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
  • ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері бойынша Министрліктің қызметін жетілдіру бойынша әзірлеуге қатысу.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және автоматтандыру басқармасы

Мақсаттары:

  • Білім саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыруды, реинжинирингті қамтамасыз ету және үйлестіру;
  • Білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау және білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау үшін мониторинг жүргізу.

Функциялары:

1) Білім саласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру, реинжинирингін жүргізу;

3) Министрлік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру және оның сапасы, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша Министрліктің жұмысын үйлестіру;

4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу;

6) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын үйлестіру;

7) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнаманың нормаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу болып табылады;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру, оңтайландыру және көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің атауын өзгерту тұрғысынан заңнамаға мониторинг жүргізу бойынша Министрліктің жұмысын жүзеге асыру;

10) Министрліктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны бойынша, проактивті немесе композиттік нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді баламасыз негізде аудару бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысын үйлестіру;

11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру және көрсету бойынша Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары болып табылатын облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының қызметін үйлестіру және бақылау;

12) мемлекеттік көрсетілетін  қызметтерді автоматтандыру, оңтайландыру және көрсету мәселелері бойынша қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес құрылымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша Министрліктің жұмысын үйлестіру;

13) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг және ішкі бақылау жүргізу бойынша бұйрықты, бақылау іс-шараларының жоспарын әзірлеу;

жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;

14) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттар мен түсіндірмелер әзірлеу және құрылымдық бөлімшелерге, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарына, жергілікті атқарушы органдарға жіберу.

 

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.
  3. Департамент директорының бір орынбасары бар.
  4. Департамент директоры Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты.
  5. Департамент директоры мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  6. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

 

_______________________________________________

 

Дата публикации
29 декабря 2023