Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті
    (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
  4. Департамент 3 басқармадан тұрады:

1) Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру басқармасы;

2) Талдау және жобалау қызметі басқармасы;

3) Халықаралық ынтымақтастық басқармасы.

 

2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаты:

Министрліктің құзыретіне жатқызылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асырылуын ұйымдастыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Департамент мақсаттарға қол жеткізу және функцияларды іске асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:

1) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, министрліктермен, ведомстволармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан, олардың лауазымды адамдарынан Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

3) Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға;

4) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, нормативтік құқықтық актілердің жобалары саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды дайындау үшін Министрлік басшылығының келісімімен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін, ғалымдарды және басқа да мамандарды, оның ішінде шетелдік мамандарды тарту сараптау комиссияларында, жұмыс топтарында және уақытша шығармашылық ұжымдарда жұмыс істеуге, сондай-ақ Департамент өзіне жүктелген функцияларға сәйкес өткізетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыруға;

5) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер жөнінде семинар, кеңестер және басқа іс-шараларды өткізуге;

6) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша басқа министрліктерде, агенттіктерде, ведомстволарда және ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етуге;

7) Департаменттің негізгі қызметі бойынша жұмыс топтарының қызметіне қатысуға құқылы.

Департамент мақсаттарға қол жеткізу және функцияларды іске асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:

1) саланы дамыту тұжырымдамасының, ұлттық жобаның және оны іске асыру жөніндегі жоспар-кестенің, даму жоспарының және Министрліктің операциялық жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

2) Министрлік басшылары тапсырмаларының белгіленген мерзімде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;

3) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, өтімдері мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарауға;

4) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;

5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде олармен келісім бойынша басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасауға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға;

7) Осы Ережемен белгіленген міндеттер мен функцияларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті.

  1. Функциялары:

1) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруге және әдістемелік басшылыққа алуға қатысады;

2) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде Министрліктің басшылығына ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;

3) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

4) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің жай-күйі, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау және оның қызметінің тиімділігі туралы қоғам мен мемлекеттің объективті ақпаратымен қамтамасыз етуге мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының жай-күйі мен дамуы, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау және жариялау жұмысына қатысады;

5) Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау салаларының жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды үйлестіреді;

6) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау салаларының жай-күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды жүзеге асыратын мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны айқындауға қатысады;

7) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жоспарлайды және айқындайды және Министрлік басшылығына келісуге енгізеді;

8) Министрліктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің: Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарының, ұлттық жобалардың, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау салаларын дамыту тұжырымдамаларының құжаттарын әзірлеуге қатысады;

9) Министрліктің құзыретіне жатқызылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау салаларын дамыту тұжырымдамасын, оны іске асыру жөніндегі ұлттық жоба мен жоспар-кестені әзірлеу, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу және бекіту жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастырады, Министрліктің операциялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

10) Министрліктің құзыретіне жатқызылған даму тұжырымдамасына жыл сайынғы мониторинг жүргізу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау салаларын дамыту тұжырымдамасын іске асыруға тартылған орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың есептерін жинауды қамтамасыз етеді;

11) Министрліктің құзыретіне жатқызылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау салаларын дамыту тұжырымдамасын іске асыру туралы есепті қалыптастыруды және белгіленген мерзімдерде мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға бірінші басшының қолымен жіберуді, сондай-ақ, оны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етеді (қолжетімділігі шектеулі ақпаратты қоспағанда);

12) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының тақырыбы мен жобасының мазмұнын әзірлеу бойынша құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарын әзірлейді және жұмысын үйлестіреді;

13) Министрліктің құзыретіне жатқызылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеуге қатысады және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді;

14) Министрліктің құзыретіне жатқызылған стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысына мониторинг пен талдауды жүзеге асырады;

15) Мемлекет басшысының тапсырмаларын, ҚР Президентінің Сайлауалды бағдарламасын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы «Amanat» партиясының Жол картасын және өз құзыреті шегінде ұлттық жобаны орындау бойынша ақпараттың мониторингі мен үйлестірілуін, дайындалуын және белгіленген мерзімдерде енгізілуін қамтамасыз етеді;

16) Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісім бойынша Министрліктің даму жоспарын әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

17) Өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларына мониторинг пен талдауды жүзеге асырады;

18) Министрліктің құзыретіне жатқызылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдамалық, анықтамалық материалдар дайындауды жүзеге асырады;

19) Министрді оның халық алдындағы есептеріне баяндамасын дайындауды қамтамасыз етеді;

20) Өз құзыреті шегінде Министрліктің алқа отырыстары, ҚР Үкіметінің отырыстары мен селекторлық мәжілістері, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде кеңестер үшін Министрліктің құзыретіне жатқызылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау салаларын дамытудың дамудың басым бағыттары бойынша Министрдің талдамалық анықтамаларын, жазбаларын, ақпараттық материалдарын, баяндамалары мен сөйлеген сөздерін дайындауды қамтамасыз етеді;

21) Министрдің сөз сөйлеуі және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы талдамалық анықтамалар бөлігінде Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің Республикалық Тамыз кеңесінің жалпы отырысын өткізу үшін материалдар дайындауға қатысуға және Министрлік Алқасының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

22) Елдің бәсекеге қабілеттілігі мониторингі бойынша жыл сайынғы баяндаманы дайындау үшін «Адами капиталды дамыту» стратегиялық бағыты бойынша талдамалық материалдарды әзірлеу бойынша үйлестіруді жүзеге асырады;

23) Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі ақпаратты дайындау және енгізу бойынша жалпы үйлестіруді жүзеге асырады;

24) Жетекшілік ететін мәселелер бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау салаларын Орнықты дамыту мақсаттарының іске асырылуын үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;

25) Министрліктің құзыретіне жатқызылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру мәселелері бойынша Министрліктің жобалау офисінің жұмысын үйлестіреді;  26) Министрліктің құзыретіне жатқызылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылуына мониторинг жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ұлттық жобалау офисімен өзара іс-қимыл жасайды;

27) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау салалары мәселелері бойынша Министрліктің орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

28) Өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

29) Министрліктің халықаралық ынтымақтастығын дамыту жөніндегі басым бағыттар мен бірлескен іс-шараларды айқындайды;

30) Өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

31) Шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізуге және өз құзыреті шегінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, инклюзивті, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру қағидаларын белгілеу саласындағы халықаралық шарттарға (келісімдерге) және бағдарламаларға қол қоюға қатысады және осы жұмысты үйлестіреді;

32) Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан шет мемлекеттермен және (немесе) халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысады;

33) Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және (немесе) халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісуді қамтамасыз етеді;

34) Өз құзыреті шегінде үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі уағдаластықтардың іске асырылуын үйлестіруді, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық саласындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуды қамтамасыз етеді;

35) Салалық көтермелеу жүйесін әзірлеуге және бекітуге қатысады;

36) Министрліктің өкілеттіктері шегінде ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзере асырады;

37) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрліктің актілерінде көзделген және өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

 

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.
  3. Департамент директорының екі орынбасары бар.
  4. Департамент директоры Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты.
  5. Департамент директоры мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  6. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
29 декабря 2023