1-тарау. Жалпы ережелер
1) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасынан;
2) Азаматтардың өтініштерін есепке алу және талдау басқармасынан;
3) Ұйымдастыру жұмысы және редакциялау басқармасынан тұрады.
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) Министрліктің және құрылымдық бөлімшелерінің құжат айналымының бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру, жоғары мемлекеттік органдар құжаттарының уақтылы орындалуына бақылауды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты белгілеген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауға дайындау және беру;
2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақтылы ден қоюды қамтамасыз ету, өтініштер бойынша құжат айналымының орындалуын есепке алу және талдау, Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысын жүзеге асыру;
3) Министрлік алқаларының, Министрде өтетін аппараттық кеңестердің жұмысын және өзге де іс-шараларды ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету, орталық аппараттың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
4) Министрлікте «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде мемлекеттік тілде іс жүргізуді қалыптастыру және іске асыру.
1) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты ұйымдарынан Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар (есептер), статистикалық және басқа да деректер сұратуға және алуға;
2) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер және өзге де ұйымдастыру-бақылау іс-шараларын өткізуге;
3) мемлекеттік қызмет туралы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Ережеде және лауазымдық нұсқаулықтарда көзделген міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуына жауапкершілік алуға;
4) бақылау құжаттарының, Министрлік басшылығы тапсырмаларының уақтылы орындалуын, азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің уақтылы қаралуын қамтамасыз етуге;
5) ұйымдастыру жұмысын жетілдіруге, мемлекеттік тілді дамытуға, бақылау құжаттарының орындалу мерзімін сақтау мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге;
6) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
1) Министрлікке келіп түсетін қағаз және электронды форматтағы құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен, Қазақстан Республикасының Парламентінен, министрліктерден, ведомстволар мен басқа да ұйымдардан құжат айналымының бұлтты жүйесі (бұдан әрі – БҚА), E-otinish АЖ арқылы келіп түсетін құжаттарды, өтініштерді күнделікті тіркеуді қамтамасыз ету;
3) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты, ҚР Парламенті басшылығының бақылау тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізу;
4) Министр мен аппарат басшысының басшылығымен орындаушылық тәртіп жөніндегі кеңеске материалдар дайындау;
5) Министрліктің негізгі қызметі бойынша бұйрықтарды тіркеуді жүзеге асыру (ИПГО-да ішкі және мемлекеттік тіркеу);
6) бақылау тапсырмаларын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратымен ай сайын
(5-ші күнге дейін) салыстыруды жүргізу;
7) құжат айналымын оңтайландыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
8) Министрліктің орталық аппаратының алдағы жылға арналған істер номенклатурасын әзірлеу, орталық мемлекеттік мұрағатпен келісу, бекіту және құрылымдық бөлімшелерге жеткізу жөніндегі жұмысты жүргізу;
9) Департаменттің құзыреті шегінде Мемлекет басшысының бюрократиядан артылту жөніндегі Жарлығын іске асыру жұмыстарын ұйымдастыру;
10) Министрліктің ведомстволық мұрағатының жұмысын ұйымдастыру;
11) Министрлік басшылығының Азаматтарды қабылдау орталығында (АҚО) азаматтарды қабылдаудың тоқсан сайынғы кестесін жасау және бекіту;
12) министрлік басшылығының жеке және заңды тұлғаларды қабылдауын (офлайн, онлайн) Азаматтарды қабылдау орталығында (АҚО) ұйымдастыру;
13) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мемлекеттік құқықтық статистикалық ақпаратты қалыптастыруды және беруді қамтамасыз ету;
14) «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан артылту жөніндегі шаралар туралы» Президенттің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асыру (Change management – ішкі коммуникацияларға жауапты);
15) өтініштерде (өтініштерде, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, жауаптарда және хабарламаларда жеке және заңды тұлғалар көтеретін жүйелік проблемаларды талдауды, мониторингтеуді және анықтауды жүзеге асыру;
16) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын тудыратын себептерді жою және жұмысты жетілдіру мақсатында қоғамдық пікірді зерделеу, сыни ескертулері бар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдауды және қорытуды қамтамасыз ету;
17) өтініштер бойынша Ұлттық баяндама үшін материалдар, талдамалық ақпарат дайындау;
18) өтініштер бойынша тәуекелдер картасын жасау;
19) Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың тиісті жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарының тармақтары бойынша ақпаратты дайындау және уәкілетті органға жіберу;
20) «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде тоқсан сайын (есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне) тілдер бөлінісінде кіріс және шығыс құжаттары бойынша есеп дайындау және жауапты құрылымдық бөлімшеге жолдау;
21) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жіберілетін Министрлік әзірлейтін мемлекеттік тілдегі құжаттарды (мәтіндерді) редакциялауды жүзеге асыру;
22) мемлекеттік тілде әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларына лингвистикалық сараптаманы жүргізу;
23) Министрліктің миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған мемлекеттік тілде нормативтік құқықтық актілерді сапалы әзірлеу мен қабылдауды сүйемелдеуді жүзеге асыру (өз құзыреті шегінде);
24) Министрлік алқаларының, Министрде өтетін аппараттық кеңестердің жұмысын және өзге де іс-шараларды ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету;
25) Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларымен, басқа да білім және ғылым жүйесі ұйымдарымен және мекемелерімен, өзге де министрліктермен және ведомстволармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен кеңестер, алқалар және өзге де іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
26) 001 «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бюджеттік бағдарламалары бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау;
27) Министрліктің орталық аппаратын негізгі және көлік құралдарымен, кеңсе тауарларымен, телекоммуникациялық құралдармен жарақтандыру жұмысын ұйымдастыру;
28) Департаменттің құзыреті шегінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру;
29) өтініштердің орындалуына мониторинг жүргізу, апта сайынғы талдамалық ақпаратты дайындау;
30) өтініштер бойынша уәкілетті органға ұсыну үшін ақпарат пен есептерді дайындау;
31) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру