Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымдық дамыту департаменті туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Инфрақұрылымдық дамыту департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
  4. Департамент 2 басқармадан тұрады:

1) Инвестициялық жобалар басқармасы;

2) Инфрақұрылым басқармасы.

 

2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

1) мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру және оны әдіснамалық сүйемелдеу;

2) мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру объектілерінің инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларын қалыптастыру (ғимараттарды, құрылыстарды салу, реконструкциялау, жаңарту, жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу);

3) мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру салаларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін енгізу және дамыту;

4) мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру объектілерін, оның ішінде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жобаларын әдіснамалық сүйемелдеу, үйлестіру, мониторингтеу және іске асырылуын бақылау;

5) мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту жөніндегі жобалардың іске асырылуын үйлестіру, мониторингілеу, бақылау;

6) Департаменттің құзыретіне жатқызылған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және дайындауға, қарауға және келісуге қатысу;

7) мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы мәселелері бойынша Үкіметтің Ұлттық жобалау кеңсесімен, Министрліктің жобалау Кеңсесімен өзара іс-қимыл жасау.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен Министрліктің мемлекеттік органдарынан, құрылымдық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

2) құрылымдық бөлімшелермен министрліктермен, ведомстволармен, басқа да мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

3) Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің және білім беру мәселелері жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың белгіленген тәртіппен дерекқорын пайдалану;

4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қорытындыларды, хаттарды келісу;

5) Министрлік басшылығының келісімімен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін, келісімшарттық қызметшілерді, ғалымдарды және басқа да мамандарды, оның ішінде заң жобаларын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау үшін, сараптамалық комиссияларда, жұмыс топтарында жұмыс істеуге, сондай-ақ Департамент өзіне жүктелген функцияларға сәйкес өткізетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін шетелдік мамандарды тарту;

6) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шаралар шақыру және өткізу, оларға қатысу үшін Министрліктің басқа бөлімшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың мамандарын тарту;

7) мемлекеттік органдарда, Министрліктің бөлімшелерінде, өзге де мүдделі ұйымдарда оның мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша кеңестерге қатысу;

8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүдделерін білдіру;

9) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін (ақпараттарын) тыңдау;

10) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу;

11) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру бойынша ұсыныстарға бастамашылық жасау;

12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

13) Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру салаларында мемлекеттік инвестициялық саясаттың, оның ішінде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасының іске асырылуына бақылауды қамтамасыз ету;

14) Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің даму жоспары мен операциялық жоспарының тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді бақылау;

15) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде олармен келісім бойынша басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;

16) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, өтініштері мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарауға;

17) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;

18) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Министрлік басшылығының тапсырмаларын белгіленген мерзімде уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру;

20) осы Ережеде айқындалған міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;

21) Еңбек және орындаушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау;

22) құжаттар мен істердің сақталуын қамтамасыз ету.

  1. Департаменттің функциялары:

1) мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру салаларында, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлігінде мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2) құрылыс бойынша, оның ішінде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде жобаларды әдіснамалық сүйемелдеуді, үйлестіруді, мониторингті және іске асырылуын бақылауды, мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының объектілерін жаңғыртуды, жаңартуды, күрделі және ағымдағы жөндеуді қамтамасыз ету;

3) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары объектілерінің оқу жылының басына дайындығы, білім алушылар мен педагогтардың қауіпсіздігі, жылыту маусымы мәселелері бойынша бөлігінде қызметін үйлестіру және мониторингілеу (бейнебақылау жүйелерімен және дабыл түймелерімен жарақтандыру, ЖБО-ға қосу);

4) мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын мониторингілеу және үйлестіру (пәндік кабинеттер, оқу және өндірістік зертханалар, шеберханалар, мектеп автобустары, қауіпсіздік және бейнебақылау жүйелері);

5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды, оқушы орындарының тапшылығын жою жөніндегі мәселелерді шешуге бағытталған орта білім беру, қосымша білім беру, балаларды оңалту және демалу бойынша қызметтер көрсететін ұйымдар желісінің инфрақұрылымын дамыту тетіктерін әзірлеу;

6) апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды, орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жою жөніндегі мәселелерді шешуге бағытталған жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және мониторингілеу;

7) бюджет қаражаты есебінен орта және қосымша білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемелері, жаңадан іске қосылатын мемлекеттік орта білім беру объектілерін ұстауға арналған бюджет қаражаты шығыстарының көлемін айқындау әдістемелері мен қағидалары, мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингілеу және есептілік тәртібін, Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы нормативтік құқықтық актілер, департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзге де нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеу;

8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ұлттық жобалау кеңсесімен, Министрліктің және басқа да мемлекеттік органдардың жобалау кеңсесімен Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы мәселелері бойынша, оның ішінде Министрліктің құзыретіне жатқызылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлігінде өзара іс-қимыл жасау;

9) қажет болған жағдайда ведомстволық бағынысты ұйымдардың, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа компаниялардың қызметкерлерін, тәуелсіз сарапшыларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, инвестициялық ұсынысты, мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын әзірлеу үшін жобалау тобын құру;

10) Министрлік іске асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру, әзірлеу және / немесе түзету;

11) білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын қоса алғанда, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша заңды тұлғаны тарту жолымен Министрлік іске асыратын конкурстық құжаттаманы, техникалық-экономикалық негіздемені және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобаларын әзірлеу және/немесе түзету;

12) Министрлік іске асыратын жобалар бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының орындалуына мониторинг және бақылау, жасасуды сүйемелдеу, қызметтерді қаржыландыруға өтінімдерді қалыптастыру;

13) Министрлік іске асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және жобалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жолдау;

14) жергілікті атқарушы органдар іске асыратын мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру туралы ақпаратқа шолу;

15) Министрлік іске асыратын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстық құжаттамаға салалық қорытындылар дайындауды және беруді ұйымдастыру;

16) білім беру инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру;

17) білім беру инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларының жобаларын қарау және келісу (қалыптастыру, өзектендіру, өзгерістер енгізу кезінде) және олардың орындалуына шолу;

18) тиісті уәкілетті органға білім беру объектілері бөлігінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

  • Министрлік тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін білім беру объектілерінің құрылысын әдістемелік сүйемелдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру (бақылау, үйлестіру), оның ішінде инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру мониторингі;
  • Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысу;
  • республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға көзделетін білім беру объектілерін салуға (реконструкциялауға, сейсмикалық күшейтуге) өңірлер әкімдіктерінен және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан өтінімдерді қалыптастыру және жинақтау;
  • Министрліктің құзыреті шегінде республикалық меншікке жататын объектілер бойынша инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру;
  • инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу және инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жолдау;
  • өңірлерге және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарына инвестициялық жобаларды іске асыруда консультациялық-әдістемелік жәрдем көрсету;
  • білім беру объектілерінің авариялық ғимараттары санының өсуін болғызбау мақсатында білім беру ортасын жаңартуға және азаматтардың білім алуына қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеу;
  • білім беру ортасын жаңартуға және білім алуға қолайлы жағдайлар жасауға, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды жаңғыртуға, жөндеуге және білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту жөніндегі жобаларды іске асыруға (қалыптастыру, өзектендіру, өзгерістер енгізу кезінде) бағытталған өңірлік перспективалық жоспарлардың жобаларын қарау және келісу, олардың орындалуына мониторинг жүргізу;
  • жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту, жаңғырту және жаңарту процесін әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру жөніндегі жұмыстардың мониторингін ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, қорытындыларды, сондай-ақ жарияланымдар мен сөз сөйлеулер үшін материалдарды дайындауға қатысады, бұқаралық ақпарат құралдарында комиссия жұмысына, кеңестерге, семинарларға және өзге де іс-шараларға қатысады;
  • Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдар ұсынған құжаттарды қарауды жүзеге асыру;
  • мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесін және мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті өнім берушілердің), сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, ұйымдарда тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерінің құрылысын, реконструкциясын қаржыландыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
  • жаңадан іске қосылатын мемлекеттік орта білім беру объектілерін ұстауға арналған бюджет қаражаты шығыстарының көлемін айқындау әдістемесі мен қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингілеу және есептілік тәртібін әзірлеу және бекіту;
  • облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламаларды келісуді қамтамасыз ету;
  • нысаналы даму трансферттері бойынша төмен тұрған бюджеттердің бюджеттік бағдарламаларын келісуді қамтамасыз ету;
  • ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау және таралуы шектеулі мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыс істеу;
  • орта білім беру саласындағы инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізуге қатысу, Бюджеттік өтінімді әзірлеуге және оған қол қоюға қатысу;
  • білім беру саласындағы инвестициялық саясат процесін жетілдіру, білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу жөнінде министрлік басшылығына ұсыныстар әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
  • апатты, үш ауысымды мектептер, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін орта білім беру объектілерін салу саласында Инвестициялық саясат жүргізуді жүзеге асыру;
  • салынып жатқан және іске қосылатын мектептерде, оның ішінде бағдарламалық құжаттар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру мониторингі (ұлттық жоба, халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы);
  • Департамент құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың сауалдарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жауаптарды уақтылы жасау және ұсыну;
  • Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әзірленетін нормативтік-құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын және сапасын бақылауды қамтамасыз етуге қатысу;
  • колледж студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету жөніндегі оператордың жұмысын үйлестіру;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларын әзірлеу;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерін жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
  • Департаментке заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен және Министрлік басшылығының шешімдерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.
  3. Департамент директорының екі орынбасары бар.
  4. Департамент директоры Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты.
  5. Департамент директоры мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  6. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
Дата публикации
29 декабря 2023