1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның, аумақтарды дамыту бағдарламаларының стартегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін қажетті жәрдемдесу, мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органды тиімді басқаруды және бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну.
1) құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттар жүйелері деректерінің құрамы мен нысандары туралы мәлеметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату;
2) Қазақстан Республикасының бюджетік заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды уәкілетті органға қарау үшін ұсыну;
3) мемлекеттік аудитті жүргізу шеңберінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз рұқсат алу;
4) мемлекеттік аудит міндеттері мен мәндеріне сәйкес ішкі аудит нәтижилері туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, соның ішінде электронды тасығыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпаратты жүйелерге қолжетімділікті, соның ішінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты алу;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату;
6) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру;
7) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларынан және басқа да лауазымдық тұлғаларынан тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүргізген кезде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттар көшірмелерін ұсынуды талап ету;
8) мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және (немесе) тиісті бюджеттен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы жергілікті атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыста консультациялық көмек көрсету;
9) Министрліктің стратегиялық құжаттарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;
10) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, Министрліктің қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру;
11) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу;
12) Департаменттің жылдық жұмыс жоспарын әзірлеуге, оларды Министрге бекітуге ұсынуға және орындалуын қамтамасыз ету;
13) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Министр бекітетін тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шектеулі таратылатын қызметті ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органның интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістерді орналастыру;
15) қайталануды болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған өзгерістермен келісу;
16) жүйелік негізде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының, соның ішінде Департаменттің деректерін, міндетті орындалатын ұсынымдары мен ескертпелердің орындалу мониторингін жүзеге асыру;
17) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасау;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасын, құқықтарын және мемлекеттік аудит объектілерінің заңды мүдделерін сақтау;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай деректер қорына орналастыру;
20) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерін анықтаған жағдайда құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдар беру;
21) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамау;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және олардың жолын кесу бойынша берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындау;
23) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымдық тұлғаларына) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі жасамауға, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәніне қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
24) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, соның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламау;
25) Министрге мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлау;
26) мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпараттың және іс жүзіндегі фактілердің негізінде ғана мемлекеттік аудит нәтижелерін негіздеу;
27) Министр басшылық ететін Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасауға, оның ұсыныстарының іске асырылуын қамтамасыз ету;
28) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындау.
1) Министрмен келісілген, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, құрамына Департамент кіретін Министрліктің қаржылық есептілігінің аудитіне қатысады;
2) Министрлікте, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;
3) Министрлікте, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;
4) мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді, соның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша;
5) мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
6) Министрліктің стратегиялық жоспарының және бюджеттік шығыстармен өзара байланыстағы, оның ішінде дамуға арналған нысаналы трансферттерді іске асыруды қоса бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдайды;
7) Министрлікте тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады;
8) республикалық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізеді;
9) мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық тұлғаларының ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты тиісті ақпаратты тыңдайды;
10) Министрге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджетті пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, Министрліктің қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есеп береді;
11) Министрге жылдық жұмыс жоспарларын орындау мониторингін жүзеге асырады;
12) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
13) Министрдің, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның алдында атқарылған жұмыс туралы жыл сайын есеп береді;
14) тиісті Жоғары аудиторлық палата, тексеру комиссиялары және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілері тізбесіне енгізілмесе, Департамент Министрдің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру