Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Бюджеттік жоспарлау департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрліктің ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
  4. Департамент 2 басқармадан тұрады:

1) Бюджетті жоспарлау басқармасы;

2) Еңбекақы төлеу әдіснамасы басқармасы.

 

2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

1) Министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін тиімді қалыптастыру және мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізу;

2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда, білім берудің барлық деңгейлерінде жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу саясатын жүргізу.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен Министрліктің мемлекеттік органдарынан, құрылымдық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, орталық және жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

2) құрылымдық бөлімшелермен министрліктермен, ведомстволармен, басқа да мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

3) білім беру мәселелері бойынша Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың белгіленген тәртіппен дерекқорын пайдалану;

4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қорытындыларды, хаттарды келісу;

5) министрлік басшылығының келісімімен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін, заң жобаларын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау үшін, сараптама комиссияларында, жұмыс топтарында жұмыс істеуге, сондай-ақ Департамент өзіне жүктелген функцияларға сәйкес өткізетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін ғалымдар мен басқа да мамандарды, оның ішінде шетелдік мамандарды тарту;

6) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шаралар шақыруға және өткізуге, оларға қатысу үшін Министрліктің басқа бөлімшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың мамандарын тарту;

7) мемлекеттік органдарда, Министрліктің бөлімшелерінде, өзге де мүдделі ұйымдарда оның мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша кеңестерге қатысу;

8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүдделерін білдіру;

9) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының есептерін тыңдау;

10) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу;

11) республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау және түзету кезінде Министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру және оны ведомстволық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, сондай-ақ ведомстволық бюджеттік комиссия мақұлдаған бюджеттік өтінімді заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну;

12) кезекті қаржы кезеңіне және ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетті жоспарлау процесіне қатысушылардың есептері мен негіздемелерін қарау;

13) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша төмен тұрған бюджеттердің бюджеттік бағдарламаларын келісуге қатысу;

14) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және дайындауға, Департаменттің құзыретіне жатқызылған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға және келісуге қатысу;

15) кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеу және бекіту бөлігінде жан басына шаққандағы қаржыландыру операторының жұмысын үйлестіру;

16) білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс топтарына қатысу (ұсыныс беру, білім беру саласындағы еңбекақы төлеу саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеу және т.б.);

17) мемлекеттік білім беру ұйымдарында бюджетті жоспарлау, жалақыны есептеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысу;

18) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер шегінде Министрлік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.

  1. Функциялар:

1) республикалық бюджетті қалыптастыру, нақтылау және түзету кезінде Министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру және оны ведомстволық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу, сондай-ақ ведомстволық бюджет комиссиясы мақұлдаған Бюджеттік өтінімді заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну;

2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған Министрлік бойынша республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты үйлестіру және заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;

3) бюджеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде министрліктің барлық бөлімшелерінің (бюджеттік процеске қатысушылардың) жұмысын ұйымдастыру;

4) министрліктің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлеуді және мүдделі мемлекеттік органдарда келісуді қамтамасыз ету және оларды одан әрі бекітуге енгізу; 

5) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бөлінісінде нысаналы трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламаларды келісуді қамтамасыз ету; 

6) бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарда министрліктің бюджеттік өтінімін пысықтауға жұмысты ұйымдастыру және қатысу;

7) «Атамекен» ҰКП және монополияға қарсы органда Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджетті іске асыру туралы шешімінің жобасына Министрліктің ұсыныстарын дайындау және келісу және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;

8) қажет болған кезде шығыстардың Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын әзірлеу және ұсыныстарын қарау және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бекітуге енгізу;

9) Министрліктің әлеуметтанулық және талдамалық зерттеулер жөніндегі ұсыныстарын қалыптастыру және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету;

10) Қазақстан Республикасының Парламентінде Министрліктің бюджетін қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

11) Министрліктің ведомстволық бюджеттік комиссиясының қызметін ұйымдастыру, ведомстволық бюджеттік комиссияның отырысына шығарылатын материалдарды дайындау, оның шешімдерін жасау және оларға қол қою, материалдардың сақталуын қамтамасыз ету;

12) жетекшілік ететін мәселелер бойынша материалдарды, анықтамалық ақпаратты, баяндамаларды, презентациялық материалдарды дайындауға қатысу;

13) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және дайындауға қатысу, Департаменттің құзыретіне жатқызылған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және келісу;

14) мемлекеттік білім беру ұйымдарында педагогтердің, азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу, ілгерілету;

15) мемлекеттік білім беру ұйымдарында бюджетті жоспарлау және еңбекақы төлеу мәселелері бойынша талдамалық және презентациялық материалдарды, баяндамаларды, анықтамалық ақпаратты, слайдтар мен анықтамаларды дайындауға қатысу;

16) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға қатысу;

17) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің тізбесін әзірлеу;

18) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған Орта білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін өлшемшарттарды әзірлеу;

19) білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын жыл сайын әзірлеу;

20) кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;

21) кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлеу;

22) жеке білім беру ұйымдарында орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, оқу үшін ата-аналық төлемақының шекті мөлшерін айқындау;

23) мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын әзірлеу;

24) жоғары тұрған мемлекеттік органдардың (ҚР ПӘ, ҚР ҮА) бақылау тапсырмаларының және мемлекеттік білім беру ұйымдарында еңбекақы төлеу мәселелері бойынша ҚР Парламентінің депутаттық сауалдарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

25) білім беру саласындағы басқарудың жаңа моделін сынақтан өткізу;

26) кіріс хат-хабарларды, бұқаралық ақпарат құралдарының, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың қаржы қызметтерінің, бақылау-қадағалау органдарының өтініштерін, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, Министр блогтарын, Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кәсіподақ білім беру ұйымдарының сұрау салуларын қарау;

27) жеке және заңды тұлғалар жолданымдарда (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, үн қосулар мен хабарларда көтеретін жүйелі мәселелерді талдауды, мониторингілеуді және айқындауды жүзеге асыру

28) мемлекеттік білім беру ұйымдарында жалақыны есептеу, бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысына қатысу;

29) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік өткізетін алқаларды, семинарларды, кеңестерді және басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі материалдарды дайындауға қатысу;

30) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағдарламалық құжаттарды орындауға қатысуды қамтамасыз ету;

31) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

32) Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау және таралуы шектеулі мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыс істеу;

33) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын және сапасын бақылауды қамтамасыз етуге қатысу;

34) білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлеу;

35) қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік беру мөлшерін айқындау қағидаларын әзірлеу;

36) Департамент құзыреті шегінде Министрлік басшылығының өзге де міндеттері мен тапсырмаларын орындау.

 

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.
  3. Департамент директорының бір орынбасары бар.
  4. Департамент директоры Департамент қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты.
  5. Департамент директоры мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  6. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

Дата публикации
29 декабря 2023