«Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

          БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 567 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22029 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы                                       111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру әдістемесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының                                       111) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде орта білім беру объектілерін салуды және/немесе реконструкциялауды қаржыландыруды қоспағанда, орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін қолданылады».».

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы

 

Е. Оспан

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 21.08.2023

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 33313 болып енгізілді

 

Дата публикации
23 августа 2023