Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113 – құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Гранттың мөлшерлері:
1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1 906 300 (бір миллион тоғыз жүз алты мың үш жүз) теңгені;
2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 2 804 200 (екі миллион сегіз жүз төрт мың екі жүз) теңгені құрайды.
Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.».
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин