«Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 553 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
|
«Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
|
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 553 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және бақылауындағы, аудандарда, қалаларда орналасатын білім бөлімдері) арасындағы функцияларды бөлу туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және бақылауындағы, аудандарда, қалаларда орналасатын білім бөлімдері) арасындағы функцияларды бөлу бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлуде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және бақылауындағы, аудандарда, қалаларда орналасатын білім бөлімдері) арасындағы функцияларды бөлу»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және бақылауындағы, аудандарда, қалаларда орналасатын білім бөлімдері) арасындағы функцияларды бөлу (бұдан әрі – функцияларды бөлу) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 149) тармақшасына сәйкес және жергілікті атқарушы органдар білім беру саласындағы өздеріне жүктелген функцияларды астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тиісті білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және бақылауындағы, аудандарда, қалаларда орналасатын білім бөлімдері арқылы іске асыру мақсатында әзірленді.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың білім басқармасы – астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы тиісті аумақта білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берген, тиісінше астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының функциялары»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыстардың білім басқармалары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) тиісті облыстың аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің көрсетілу сапасын қамтамасыз етеді;
3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) білім алуын, әмбебап дизайн және (немесе) ақылға қонымды ыңғайлылық қағидаттарын ескере отырып, білім беру ұйымдарында олардың білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
4) дарынды балалардың, сондай-ақ тереңдетілген әскери-патриоттық даярлықтан өтіп жатқан балалардың мамандандырылған білім беру ұйымдарында білім алуын қамтамасыз етеді;
5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және олармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
6) жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
7) пайдалану мерзімі отыз жылдан асқан, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) авариялық жағдайын әрбір бес жыл сайын зерттеп-қарауды, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде орналасқан мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік ұйымдардың сейсмотұрақтылығын зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді;
8) жергілікті атқарушы органға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітуге енгізеді;
9) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
10) жергілікті атқарушы органға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітуге енгізеді;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік қаражат және бюджеттен тыс қорлар есебінен білім беру ұйымдарының мемлекеттік объектілерін салуды, реконструкциялауды қамтамасыз етеді;
13) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдағы білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қаржылық және материалдық көмек көрсетуге қаражат бөледі. Бұл ретте жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға және орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызын құрайды;
14) жыл сайын 1 тамызға дейін мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
15) жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, облыстық деңгейдегі орындаушылар конкурстарын және кәсіптік шеберлік конкурстарын, бастапқы әскери даярлық бойынша облыстық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырады және өткізуді қамтамасыз етеді;
16) өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаларға, республикалық деңгейдегі ғылыми жобалар конкурстарына қатысуын қамтамасыз етеді;
17) өңірлік жеңімпаздар болып табылатын білім алушылардың орындаушылар конкурстарына, республикалық деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша республикалық және (немесе) халықаралық деңгейдегі кәсіптік шеберлік конкурстарына қатысуын қамтамасыз етеді;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
19) облыстық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім берудің сапасын қамтамасыз етеді;
20) мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз етеді;
21) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
22) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
24) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бітірген адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі;
25) жыл сайын 15 сәуірге дейін ауылдық жерлердегі кадрларға қажеттілік туралы өтінімдерді білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдарға кейіннен ұсынылған өтінімдерге сәйкес жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете отырып ұсынады;
26) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
27) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім беру саласындағы уәкілетті органның цифрлық объектілерінде статистикалық байқаулардың деректерін жинауды қамтамасыз етеді;
28) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары мен арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
29) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдар үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз етеді;
30) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
31) мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын сапалы кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
32) мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
33) облыстық әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
34) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау сапасын қамтамасыз етеді;
35) конкурс жеңімпаздарына – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдарына «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің үздік ұйымы» грантын төлейді;
36) білім беру ұйымдарындағы, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан ұйымдардағы психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
37) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау жүргізу қағидаларына сәйкес мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
38) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
4-тармақта:
бірінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармалары мынадай функцияларды жүзеге асырады:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тиісті астананың және республикалық маңызы бар қаланың аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»;
5), 6), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, астананың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін, сондай-ақ ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекітуге енгізеді;
6) астананың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына білім беру ұйымдарындағы орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін бекітуге енгізеді;
7) астананың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының бекітуіне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін енгізеді;
8) астананың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының бекітуіне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін енгізеді;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) астананың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс енгізеді;»;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) астананың және республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы арқылы білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;»;
46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«46) астананың және республикалық маңызы бар қаланың білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;»;
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48) астананың және республикалық маңызы бар қаланың тиісті шағын учаскесінің қажеттілігін негізге ала отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын, сондай – ақ орта білім беру ұйымдарының сынып - жиынтықтарының (мектепке дейінгі ұйымдардағы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы топтардың) санын келіседі;»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Аудандардың (қалалардың) білім бөлімдерінің функциялары»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аудандардың (қалалардың) білім бөлімдері мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізуді, олардың орта білім алғанға дейін білім алуын ұйымдастырады;
2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің, оның ішінде кешкі (ауысымды) оқыту нысанында білім берудің, сондай-ақ интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдары беретін орта білім берудің сапасын қамтамасыз етеді (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру бағдарламаларын қоспағанда, балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізеді;
4) тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін қоспағанда, балаларға қосымша білім беру қызметтеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бекітуіне енгізеді;
5) білім алушылардың бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
6) жыл сайын 1 тамызға дейін білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастырады;
7) кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін қоспағанда, балаларға қосымша білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етеді;
8) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді;
10) пайдалану мерзімі отыз жылдан асқан мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта білім беру ұйымдарының, балаларға қосымша білім беру ұйымдарының (кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін балаларға қосымша білім беру ұйымдарын және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) авариялық жай-күйін әрбір бес жыл сайын зерттеп-қарауды, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде орналасқан мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін балаларға қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, балаларға қосымша білім беру ұйымдарының сейсмотұрақтылығын зерттеп-қарауды қамтамасыз етеді;
11) мектепішілік олимпиадаларды, жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарын, бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстарды, спорттық жарыстарды, орындаушылар конкурстарын және кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
12) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру сапасын қамтамасыз етеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
14) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
15) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және оларды қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
16) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
17) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
18) мемлекеттік білім беру ұйымдарын сапалы кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
19) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат береді;
20) әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
21) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау жүргізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізеді;
22) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
23) білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі;
24) ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
25) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы арқылы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы ұсыныстар енгізеді;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
27) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына «Үздік орта білім беру ұйымы» грантын төлейді;
28) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда, білім алушыларды жақын орналасқан мектепке дейін және кері қарай тегін тасымалдауды ұйымдастырады;
29) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады;
30) жергілікті атқарушы органға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекітуге енгізеді;
31) балаларға қосымша білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсетпейтін қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде жергілікті атқарушы органның бекітуіне енгізеді;
32) ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемі шегінде жергілікті атқарушы органның бекітуіне енгізеді және орналастырады;
33) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастырады.».
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы Ж. Шарабасов
36